Үкімет басшысы Қызылорда облысындағы атышулы зауытқа барды

зауыт - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 23 желтоқсан– Sputnik. Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барған премьер-министр Әлихан Смайылов атышулы зауыттың жұмысымен танысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазақстанда алғашқы шыны зауытының іргетасы 2007 жылы қаланған болатын. Сол кезде Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі барып, бірінші кірпішін салып кеткен. Алайда құрылысқа қатысты келісімшарт тек 8 жылдан кейін ғана қол қойылды. Ал ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев пара алғаны үшін ұсталғаннан кейін барлық жұмыс тоқтап қалған. Биыл қазан айында ғана шыны зауытында алғашқы өнім шығарылды.
"Orda Glass Ltd" зауытына мемлекеттік қолдау да жасалды. Атап айтқанда, қажетті инженерлік инфрақұрылым (электр энергиясы, су, кәріз, газ, байланыс желісі), авто және теміржолдар тартылды. Қазіргі кезде зауытта 370 адам жұмыс істейді. Өнімі республиканың басқа өңірлеріне жіберіледі, экспортқа шығару жоспарда бар.
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың айтуынша, шыны зауыты Қызылорда облысында ғана емес, бүкіл Қазақстан бойынша құрылыс индустриясының дамуына серпін береді. "Мұндай өндірістер құрылыс шығындарын және импортқа тәуелділікті айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Биыл өнеркәсіпте 160 жаңа жоба іске қосылды. Үкімет өз тарапынан осындай кәсіпорындарға барлық қажетті көмек көрсетуді жалғастыруға дайын", - деді Смайылов.
Айта кетері, 2018 жылы миллиард теңге пара алғаны үшін экс-министр Қуандық Бишімбаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда артынан жазасы жеңіл жазаға ауыстырылды. 2019 жылдың 11 қазанында Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты.
Жаңалықтар
0