Қонаевта ер адам трансформаторға кіріп, қаланың бір бөлігін жарықсыз қалдырды

© Sputnik / Сергей Мальгавко / Медиабанкке өтуЭлектр желісі
Электр желісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 23 желтоқсан — Sputnik. Қонаев қаласында ер адам трансформатор қосалқы станцияларының біріне кіріп, тоққа түсті. Ол ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Alataunews.kz.
Бұл жағдай жұма күні түстен кейін болған. Дәл сол уақытта облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев тұрғындарымен кездесу өткізіп отырған. Кездесу болған жерде жарық сөніп қалған.
Қала әкімі Нұрлан Жұматаев журналистерге шағын станцияда болған оқиға туралы хабарлады.

"Салдарынан бірнеше аудан жарықсыз қалды, облыс әкімінің кездесуі уақытша тоқтатылды. Ер адам қосалқы станцияға не үшін кіргені әлі белгісіз. Қазір құқық қорғау органдары болған жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр", - деп түсіндірді әкім.

Жарықтың сөну салдарынан өңір басшысының Қонаев тұрғындарымен кездесуі бір сағат үзіліс болды.
Алматы облысы Көкөзек ауылының тұрғындары наразылыққа шықты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2022
Өңірлер
"Өзім де жарықсыз отырмын": Алматы облысының ауыл әкімі халық алдында ақталды
Жаңалықтар
0