https://sputnik.kz/20221223/monoqalalardy-damytuga-bolinetin-qarzhyny-ulgaytu-usynyldy-30550801.html
Моноқалаларды дамытуға бөлінетін қаржыны ұлғайту ұсынылды
Моноқалаларды дамытуға бөлінетін қаржыны ұлғайту ұсынылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның... 23.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-23T07:35+0500
2022-12-23T07:35+0500
2022-12-23T07:35+0500
қала
үкімет
https://sputnik.kz/img/07e6/03/1b/23768303_1:0:854:480_1920x0_80_0_0_4fa6257097f8205c35152503003abba4.jpg
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында моноқалаларды дамыту жөніндегі жоспарлар қаралды.Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қазіргі уақытта республикада 27 моноқала бар екенін баяндады. 1,4 млн адам тұратын қалаларда 32 қала құраушы кәсіпорын жұмыс істейді. 2015 жылдан 2021 жылға дейін аталған елді мекендерде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6,3-тен 11,2 трлн теңгеге дейін өсті, бұл ел бойынша жалпы көрсеткіштің 29%-і.Бүгінгі таңда 2,1 трлн теңгеге 86 "зәкірлі" жобаның пулы қалыптастырылды. Бұл жобалар моноқалаларда тау-кен металлургия және химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс, машина жасау және т. б. салаларда 18 мыңнан астам жұмыс орнын ашты.Жалпы оларды одан әрі дамыту үшін тұрғын үй қоры мен инженерлік инфрақұрылым объектілеріне күрделі жөндеу жүргізуге бюджеттен бөлінетін қаражаттың жыл сайынғы лимитін ұлғайту, елді мекендердің әлеуметтік маңызы бар проблемаларын шешу бойынша мастер-жоспарлар әзірлеу, сондай-ақ жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі жұмысты жандандыру ұсынылады.Бұл тәсілдер қолдау тапты. Осы орайда Әлихан Смайылов мемлекет басшысы бекіткен даму бағдарламаларын орындау кезінде ведомствоаралық үйлестіруді күшейту, сондай-ақ өңірлік экономиканы әртараптандыру және азаматтарды жұмыспен қамту үшін келешегі бар "зәкірлі" жобалардың тізбесін өзектендіру қажеттігін атап өтті.Сонымен қатар отырыста теміржол машинасын жасау және агроөнеркәсіп кешені салаларындағы өзекті мәселелер қаралды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/1b/23768303_164:0:804:480_1920x0_80_0_0_75836698c94530a2398bbb54ec311e86.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қала, үкімет
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында моноқалаларды дамыту жөніндегі жоспарлар қаралды.
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қазіргі уақытта республикада 27 моноқала бар екенін баяндады. 1,4 млн адам тұратын қалаларда 32 қала құраушы кәсіпорын жұмыс істейді. 2015 жылдан 2021 жылға дейін аталған елді мекендерде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6,3-тен 11,2 трлн теңгеге дейін өсті, бұл ел бойынша жалпы көрсеткіштің 29%-і.
Бүгінгі таңда 2,1 трлн теңгеге 86 "зәкірлі" жобаның пулы қалыптастырылды. Бұл жобалар моноқалаларда тау-кен металлургия және химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс, машина жасау және т. б. салаларда 18 мыңнан астам жұмыс орнын ашты.
Жалпы оларды одан әрі дамыту үшін тұрғын үй қоры мен инженерлік инфрақұрылым объектілеріне күрделі жөндеу жүргізуге бюджеттен бөлінетін қаражаттың жыл сайынғы лимитін ұлғайту, елді мекендердің әлеуметтік маңызы бар проблемаларын шешу бойынша мастер-жоспарлар әзірлеу, сондай-ақ жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі жұмысты жандандыру ұсынылады.
Бұл тәсілдер қолдау тапты. Осы орайда Әлихан Смайылов мемлекет басшысы бекіткен даму бағдарламаларын орындау кезінде ведомствоаралық үйлестіруді күшейту, сондай-ақ өңірлік экономиканы әртараптандыру және азаматтарды жұмыспен қамту үшін келешегі бар "зәкірлі" жобалардың тізбесін өзектендіру қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар отырыста теміржол машинасын жасау және агроөнеркәсіп кешені салаларындағы өзекті мәселелер қаралды.