https://sputnik.kz/20221223/kokshetau-turgyny-ayelin-pyshaqtap-ketti-30561076.html
Көкшетау тұрғыны әйелін пышақтап, үйден қашып кетті
Көкшетау тұрғыны әйелін пышақтап, үйден қашып кетті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 желтоқсан– Sputnik. Көкшетау тұрғыны әйелін пышақтап, үйден қашып кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz . 23.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-23T11:39+0500
2022-12-23T11:39+0500
2022-12-23T12:40+0500
көкшетау
тұрмыстық жанжал
https://sputnik.kz/img/90/62/906286_38:0:1000:541_1920x0_80_0_0_1c03c6ccf5d04f9479cb9ba1a7d10bb0.jpg
АСТАНА, 23 желтоқсан– Sputnik. Көкшетау тұрғыны әйелін пышақтап, үйден қашып кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz .Полицияның хабарлауынша, 20 желтоқсан күні таңғы сағат 06:55-те жедел жәрдемнен хабар түсті. 30 жастағы әйел кеуде тұсынан пышақ жарақатын алған. Ол дереу облыстық ауруханаға жеткізілді.Оқиға болған жерге барған тәртіп сақшылары әйелді пышақтап кеткен оның күйеуі екенін анықтады. Ол жанжалдан кейін қашып кеткен. Тәртіп сақшылары бірден жақын жүрген патрульдік экипаждарға хабар беріп, 26 жастағы ер адам екі сағаттың ішінде ұсталды. Қылмыс орнынан ас үй пышағы да табылды. Тергеу кезінде ер адам сол күні әйелі екеуі жанжалдасып қалғанын айтты. Ол ішімдік ішкен болып шықты. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 1-тармағы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
көкшетау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/90/62/906286_192:0:913:541_1920x0_80_0_0_c67da94d66d1a49694709daaa894ad2d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көкшетау, тұрмыстық жанжал
көкшетау, тұрмыстық жанжал
Көкшетау тұрғыны әйелін пышақтап, үйден қашып кетті
11:39 23.12.2022 (жаңартылды: 12:40 23.12.2022) АСТАНА, 23 желтоқсан– Sputnik. Көкшетау тұрғыны әйелін пышақтап, үйден қашып кеткен, деп хабарлайды
Polisia.kz .
Полицияның хабарлауынша, 20 желтоқсан күні таңғы сағат 06:55-те жедел жәрдемнен хабар түсті. 30 жастағы әйел кеуде тұсынан пышақ жарақатын алған. Ол дереу облыстық ауруханаға жеткізілді.
https://aitube.page.link/QEFt
Оқиға болған жерге барған тәртіп сақшылары әйелді пышақтап кеткен оның күйеуі екенін анықтады. Ол жанжалдан кейін қашып кеткен. Тәртіп сақшылары бірден жақын жүрген патрульдік экипаждарға хабар беріп, 26 жастағы ер адам екі сағаттың ішінде ұсталды.
Қылмыс орнынан ас үй пышағы да табылды. Тергеу кезінде ер адам сол күні әйелі екеуі жанжалдасып қалғанын айтты. Ол ішімдік ішкен болып шықты.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 1-тармағы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.