https://sputnik.kz/20221223/avtokredit-bagdarlamasy-kelesi-ayda-30589325.html
Автокредит бағдарламасы келесі айда қайта жалғасады
Автокредит бағдарламасы келесі айда қайта жалғасады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. 4 проценттік автокредит бағдарламасы келесі жылдың қаңтар айында қайта жалғасады. Сондай-ақ, оған өзгеріс енгізіледі, деп... 23.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-23T18:52+0500
2022-12-23T18:52+0500
2023-08-10T17:13+0500
кредит
автокөлік
https://sputnik.kz/img/07e6/09/0f/27598762_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_a643cfc4ce1755b93b47a0f221276795.jpg
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. 4 проценттік автокредит бағдарламасы келесі жылдың қаңтар айында қайта жалғасады. Сондай-ақ, оған өзгеріс енгізіледі, деп хабарлады Қазақстан даму банкі. Қазіргі кезде жеңілдетілген автокредит бағдарламасының екі операторы бар. Олар - "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ мен "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ. Алдағы уақытта орталықтандырылған бақылауды қамтамасыз ету мақсатында бір ғана оператор - Қазақстанның даму банкі болады. Бұдан бөлек, ескі және жаңа бағдарламаның қаражаты біріктіледі. "Қазіргі кезде автокредит берген екінші деңгейлі банктер қолданыстағы кредиттерді өтеуден түсетін төлемдерді жинақтау процесін жүзеге асыруда. Револьверлік тетік негізінде жеңілдікті қарыздар қаңтардың екінші жартысында беріле бастайды. Сол кезде екі бағдарлама бойынша жинақталған қаражат көлемі шамамен 13 миллиард теңгені құрайды, бұл кемінде 1300 жаңа автокредит беруге мүмкіндік береді", - делінген ресми хабарламада. Болашақта револьверлік әдіспен жинақталған қаражат ай сайын бөлінеді. Сонда автокредиттер де жиі беріледі. "Өтінімдерді қабылдаудың басталу күні, сондай-ақ бағдарламалардың жаңартылған шарттары мен іске асыру тетігі бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстанның даму банкі мен Өнеркәсіпті дамыту қорының ресми сайттарында қосымша жарияланатын болады", - дейді мамандар. Айта кетері, 2015 жылы жеңілдетілген автокредит бағдарламасына 82 миллиард теңге бөлінген болатын. Револьверлік тетікті пайдаланудың арқасында осы қаражат есебінен жалпы сомасы 176 миллиард теңгеге 32 мыңнан астам қарыз берілді. Ал 2022 жылы мамыр айында өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы 4 проценттік автокредит бағдарламасына 100 миллиард теңге бөлді. 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша бұл қаражатқа 14 мыңнан астам қарыз мақұлданды, соның ішінде 12,5 мыңнан астам жаңа көлік берілді. Автокредиттің орташа мөлшері 7,8 миллион теңгені құрады. Бағдарламаларға қатысушы банктер – Halyk Bank, ForteBank, Банк ЦентрКредит және Еуразиялық Банк.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/0f/27598762_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_7f21b11db6ada50580c68ad043780897.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кредит, автокөлік
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. 4 проценттік автокредит бағдарламасы келесі жылдың қаңтар айында қайта жалғасады. Сондай-ақ, оған өзгеріс енгізіледі, деп хабарлады
Қазақстан даму банкі.
Қазіргі кезде жеңілдетілген автокредит бағдарламасының екі операторы бар. Олар - "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ мен "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ.
Алдағы уақытта орталықтандырылған бақылауды қамтамасыз ету мақсатында бір ғана оператор - Қазақстанның даму банкі болады.
Бұдан бөлек, ескі және жаңа бағдарламаның қаражаты біріктіледі.
"Қазіргі кезде автокредит берген екінші деңгейлі банктер қолданыстағы кредиттерді өтеуден түсетін төлемдерді жинақтау процесін жүзеге асыруда. Револьверлік тетік негізінде жеңілдікті қарыздар қаңтардың екінші жартысында беріле бастайды. Сол кезде екі бағдарлама бойынша жинақталған қаражат көлемі шамамен 13 миллиард теңгені құрайды, бұл кемінде 1300 жаңа автокредит беруге мүмкіндік береді", - делінген ресми хабарламада.
Болашақта револьверлік әдіспен жинақталған қаражат ай сайын бөлінеді. Сонда автокредиттер де жиі беріледі.
"Өтінімдерді қабылдаудың басталу күні, сондай-ақ бағдарламалардың жаңартылған шарттары мен іске асыру тетігі бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстанның даму банкі мен Өнеркәсіпті дамыту қорының ресми сайттарында қосымша жарияланатын болады", - дейді мамандар.
Айта кетері, 2015 жылы жеңілдетілген автокредит бағдарламасына 82 миллиард теңге бөлінген болатын. Револьверлік тетікті пайдаланудың арқасында осы қаражат есебінен жалпы сомасы 176 миллиард теңгеге 32 мыңнан астам қарыз берілді.
Ал 2022 жылы мамыр айында өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы 4 проценттік автокредит бағдарламасына 100 миллиард теңге бөлді. 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша бұл қаражатқа 14 мыңнан астам қарыз мақұлданды, соның ішінде 12,5 мыңнан астам жаңа көлік берілді.
Автокредиттің орташа мөлшері 7,8 миллион теңгені құрады.
Бағдарламаларға қатысушы банктер – Halyk Bank, ForteBank, Банк ЦентрКредит және Еуразиялық Банк.