https://sputnik.kz/20221223/arselormittal-temirtau-aktsionerlik-qogamyna-13-mlrd-ayyppul-salyndy-30552585.html
"АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамына 1,3 млрд айыппұл салынды
"АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамына 1,3 млрд айыппұл салынды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 23 желтоқсан - Sputnik. Қарағанды облыстық соты "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды облыстық соттың... 23.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-23T09:23+0500
2022-12-23T09:23+0500
2022-12-23T09:23+0500
арселормиттал теміртау
айыппұл
https://sputnik.kz/img/403/80/4038019_0:0:3648:2052_1920x0_80_0_0_83e2ce34f4feeeede428b56e4ef0aad5.jpg
АЛМАТЫ, 23 желтоқсан - Sputnik. Қарағанды облыстық соты "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі. 21 желтоқсанда Қарағанды облыстық соты "АрселорМиттал Теміртау " АҚ-ның салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді дұрыс есептемегені және уақытында төлемегені үшін үкім шығарды. Салықтық тексеру кезінде компанияның корпоративтік табыс салығы сомасының аванстық төлемдер сомасынан асып кеткенін анықтады. Компанияның құқық бұзушылықтың жоқтығы туралы дәлелдерін сот алқасы ескермеді. Өйткені құқық бұзушылық салықтық тексеру материалдарымен және салық декларацияларымен дәлелденген. Сот үкімі бойынша "АрселорМиттал Теміртау" АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 329 726 538 теңге сомасында айыппұл салынды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/403/80/4038019_907:0:3648:2056_1920x0_80_0_0_fa8ad8806514b315e018a558a0f06f43.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
арселормиттал теміртау, айыппұл
арселормиттал теміртау, айыппұл
"АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамына 1,3 млрд айыппұл салынды
АЛМАТЫ, 23 желтоқсан - Sputnik. Қарағанды облыстық соты "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
21 желтоқсанда Қарағанды облыстық соты "АрселорМиттал Теміртау " АҚ-ның салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді дұрыс есептемегені және уақытында төлемегені үшін үкім шығарды.
Салықтық тексеру кезінде компанияның корпоративтік табыс салығы сомасының аванстық төлемдер сомасынан асып кеткенін анықтады.
Компанияның құқық бұзушылықтың жоқтығы туралы дәлелдерін сот алқасы ескермеді. Өйткені құқық бұзушылық салықтық тексеру материалдарымен және салық декларацияларымен дәлелденген.
Сот үкімі бойынша "АрселорМиттал Теміртау" АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 329 726 538 теңге сомасында айыппұл салынды.