Алматылық құтқарушылар Жаңа жыл қарсаңында тұрғындарға үндеу жасады

© Sputnik / Николай Хижняк / Медиабанкке өтуПродажа пиротехники, архивное фото
Продажа пиротехники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.12.2022
Жазылу
Алматының құтқарушылары азаматтарды жаңа жылдық мерекелер кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды
АЛМАТЫ, 23 желтоқсан — Sputnik. Жыл сайын Алматыда жаңа жылдық мерекелерде орта есеппен 11 өрт тіркеледі. Оның шамамен 18%-і пиротехникалық бұйымдарды дұрыс пайдаланбау салдарынан болады, деп хабарлады Алматы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Ерболат Тұрткараев.
Соңғы 5 жылда 56 өрт болса, соның 10-ы пиротехника салдарынан.
"Былтыр жаңа жыл мерекесінде пиротехникалық заттардың кесірінен медициналық мекемелерге 39 адам жүгінген, оның 29-ы - бала. 15 адам ауруханаға жатқызылды, жетеуі - бала", - деді Ерболат Тұртқараев.
Қаладағы халық көп жиналатын нысандарда 72 шырша орнатылған. Құтқарушылар барлығын жіті назарға алған.
Ерболат Тұрткараев Алматы тұрғындары мен қонақтарына пиротехникалық бұйымдарды тек мамандандырылған дүкендерден сатып алу керектігін ескертеді. Бұйымның қаптамасы бүтін, әрі зақымдалмағанына көз жеткізу керек. Сондай-ақ өнімнің жарамдылық мерзіміне назар аударып, нұсқаулықты мұқият оқып шығу керек. Пиротехниканы құрғақ бөлмеде және жылу көздерінен мүмкіндігінше алыс жерде сақтау керек.
Пиротехниканы іске қосу кезінде келесі ережелерді сақтау маңызды:
балаларға жарылғыштар мен отшашуларды өздігінен ұшыруға жол бермеңіз;
пиротехниканы іске қосу үшін 50 метр қашықтықта кедергілер жоқ екеніне көз жеткізіңіз;
іске қосу кезінде ешқашан қораптың үстіне еңкеймеңіз;
пиротехникаға от жаққанда денеңізді алыс ұстаңыз;
өнімді қатты жел кезінде жақпаңыз;
пиротехника жанбай қалса, қайтадан от жақпаңыз;
зымырандар мен отшашуларды адамдар мен жануарларға бағыттамаңыз, аяғыңыздың астына лақтырмаңыз.
Сондай-ақ, тұрғын үйлерден отшашу алаңына дейінгі ең аз қашықтық 50 метр болуы керек.
Пиротехника қолданатын алаңдарда ағаштар, электр желілері басқа кедергілер бар-жоғын тексерген жөн.
Жаңалықтар
0