https://sputnik.kz/20221223/alayaqtarga-aldangan-ayel-30-milllion-tengeden-ayyryldy-30552869.html
Алаяқтарға алданған әйел 30 миллион теңгеден айырылды
Алаяқтарға алданған әйел 30 миллион теңгеден айырылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Ақмола облысында кибералаяқтарға алданған әйел 30 миллион теңгеден айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz порталы. 23.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-23T10:35+0500
2022-12-23T10:35+0500
2022-12-23T15:08+0500
алаяқ
ақмола облысы
https://sputnik.kz/img/149/38/1493898_38:0:1000:541_1920x0_80_0_0_baec0c8041b7ee92db4c02f6f8deb306.jpg
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Ақмола облысында кибералаяқтарға алданған әйел 30 миллион теңгеден айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz порталы. 19 желтоқсанда полицияға арыз түсті. Қыруар ақшасынан айырылған әйел YouTube-те Ал ақшаны қайтаруға өтініш бергенде сан алуан кедергілерге тап болды. Сол кезде алаяқтардың құрбаны болғанын түсінді. Шортанды полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. Күдіктілердің жеке басын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тәртіп сақшылары ақшаны криптовалютаға, акцияларға, бағалы металдарға, ірі мұнай корпорацияларына және тағы басқа жобаларға инвестициялау арқылы үлкен дивидендтер беретін күмәнді жобаларға ақша салмауға кеңес берді. Кибералаяқтар гипноз әдістерін де қолданады.
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/149/38/1493898_279:0:1000:541_1920x0_80_0_0_7a437252d237ebaa27391b3257a3a0a4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқ, ақмола облысы
Алаяқтарға алданған әйел 30 миллион теңгеден айырылды
10:35 23.12.2022 (жаңартылды: 15:08 23.12.2022) АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Ақмола облысында кибералаяқтарға алданған әйел 30 миллион теңгеден айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz порталы.
19 желтоқсанда полицияға арыз түсті. Қыруар ақшасынан айырылған әйел YouTube-те
"Халық банкі" мен "ҚазМұнайГаз"платформалары арқылы ақшаны тиімді инвестициялау туралы жарнаманы бірнеше рет көргеннен кейін қызығушылық танытып, сілтемеде өзінің нөмірін қалдырған. Біршама уақыттан кейін оған белгісіз ер адам қоңырау шалды. Сосын инвестициялық алаңда табыс табу үшін өзінің есепшотаны ақша аударуды сұрады. "Артынан әртүрлі "менеджерлер" хабарласып тұрды. Онымен салымшы ретінде жұмыс істеді. Олардың басшылығымен әйел бір айда сауда алаңының шотына, шамамен, 30 миллион теңге аударған. Ол ақшаны достары мен туыстарынан қарызға, сондай-ақ, бірнеше банктен несие алған", - дейді полицейлер.
Ал ақшаны қайтаруға өтініш бергенде сан алуан кедергілерге тап болды. Сол кезде алаяқтардың құрбаны болғанын түсінді.
Шортанды полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. Күдіктілердің жеке басын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Тәртіп сақшылары ақшаны криптовалютаға, акцияларға, бағалы металдарға, ірі мұнай корпорацияларына және тағы басқа жобаларға инвестициялау арқылы үлкен дивидендтер беретін күмәнді жобаларға ақша салмауға кеңес берді. Кибералаяқтар гипноз әдістерін де қолданады.