"7-20-25" ипотекалық бағдарламасы жалғасады – қандай өзгеріс енгізілді

© Photo : pixabay.comИнвестиции, недвижимость
Инвестиции, недвижимость - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.12.2022
Жазылу
Әрбір қарыз алушы бағдарламаға бір рет қана қатыса алады
АЛМАТЫ, 23 желтоқсан – Sputnik. "7-20-25" ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы жалғасады, деп хабарлайды Ұлттық банк.
Тиісті шешім туралы қаулыны ұлттық банк басқармасы 19 желтоқсанда қабылдады. 2023 жылы бағдарлама бойынша кредиттеу үшін 100 миллиард теңгеге дейін қаражат бөлінеді.
Әрбір қарыз алушы бағдарламаға бір рет қана қатыса алады. Ұлттық банк мұны жеңілдетілген кредит алатын азаматтар саны көбірек болсын деген мақсатта жасалғанын айтады.
Бағдарлама аясында берілетін ипотекалық тұрғын үй қарыздарының параметрлері:
бастапқы жарнаның ең төменгі мөлшері
қарыздың ең жоғары сомасы
сыйақы мөлшерлемесі
қарыз мерзімі
өңірлерде сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны және басқа талаптар өзгеріссіз қалады.
Биыл 22 желтоқсанда 852,2 миллиард теңге көлемінде 64 146 жеңілдетілген қарыз берілген.
Бұл бағдарлама 2018 жылы іске қосылды. Жұмыс істейтін азаматтарды 20%-тен бастап алғашқы жарнамен жылдық 7% жеңілдетілген мөлшерлеме бойынша ипотекамен қамтамасыз етуге арналған. Несие уақыты - 25 жылға дейін.
Қаулының толық мәтінімен ҚҰБ сайтында танысуға болады.
Жаңалықтар
0