Үш облыста жол жабылды

© Photo : "КазАвтоЖол"Метель
Метель - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. Қарағанды облысында боранға байланысты алты бірдей республикалық маңызы бар жолда барлық көлік үшін қозғалыс шектелді.
Облыста жабылған жолдар:
"Екатеринбург-Алматы" - 1492-1854 шақырымның учаскесі (Қарағанды — Балқаш);
"Екатеринбург-Алматы" 1426-1457 шақырымның учаскесі (Теміртау— Қарағанды);
"Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" 17-219 шақырымының учаскесі (Қарағанды— Қарқаралы);
"Қызылорда-Павлодар" 967-1066 шақырымының учаскесі (Қарағанды — Молодежный кенті)
"Қызылорда-Павлодар" 762-906 шақырымның учаскесі (Атасу кенті — Топар кенті);
"Қалқаман-Баянаул-Үміткер-Керней-Ботақара" 231-324 шақырымның учаскесі (Павлодар облысының шекарасы – Ботақара кенті);
Бұдан бөлек, Павлодар облысында Қалқаман кентінен бастап Қарағанды облысына дейінгі жол жабылды.
Ал Шығыс Қазасқтан облысында "Өскемен– Алтай - Үлкен Нарын - Қатонқарағай - Рахмановские ключи" тас жолының 6-66 шақырым учаскесінде (Ушановское кенті - Серебрянск қаласы) көлік қозғалысы шектелді.
Сонымен қатар "Өскемен-Шемонайха – РФ шекарасы" тас жолының 36-123 шақырымы – Предгорное кенті мен Ресей шекарасының аралығы жабық.
Жаңалықтар
0