https://sputnik.kz/20221222/ush-auysymdy-mektepte-oqityn-balalar-sany-tagy-alty-protsentke-osti-30527542.html
Үш ауысымды мектептің көбі қай өңірде екені белгілі болды
Үш ауысымды мектептің көбі қай өңірде екені белгілі болды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 22 желтоқсан — Sputnik. Өткен оқу жылында Қазақстанда 169 үш ауысымды мектеп жұмыс істеді, бұл бір жыл бұрынғыдан 5,6% артық (160 мектеп), ал үш жыл... 22.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-22T11:22+0500
2022-12-22T11:22+0500
2022-12-22T11:28+0500
мектеп
https://sputnik.kz/img/07e5/09/06/18054525_0:0:3077:1731_1920x0_80_0_0_3cd366ec633dc1bc2d208b18be972d0a.jpg
АСТАНА, 22 желтоқсан — Sputnik. Өткен оқу жылында Қазақстанда 169 үш ауысымды мектеп жұмыс істеді, бұл бір жыл бұрынғыдан 5,6% артық (160 мектеп), ал үш жыл ішінде мұндай мектептердің саны бірден 32% өсті, деп жазды Ranking.kz.Егер оқушылар санына қатысты жағдайды қарастыратын болсақ, онда мәселенің ауқымы айқынырақ көрінеді. Мәселен, соңғы мәліметтер бойынша үш ауысымдағы мектептерде 291,1 мың оқушы білім алуда, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,9% артық.Өңірлер бойынша үш ауысымды мектептердің ең көп саны Алматыда (59 мектеп), сондай-ақ Маңғыстау (18 мектеп), Атырау (17 мектеп), Түркістан (15 мектеп) және Павлодар (10 мектеп) облыстарында байқалады.Елдегі оқушылар орнының, сондай-ақ үш ауысымды және апатты мектептердің тапшылығы мәселесін шешу үшін мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Жайлы мектеп" ұлттық пилоттық жобасы іске қосылды, оны 2023 жылдан 2025 жылға дейін іске асыру жоспарлануда. Ұлттық жобаның бірыңғай операторы ретінде "Samruk-Kazyna Construction" АҚ таңдалды.Ұлттық жобаны жүзеге асырудың арқасында республикада 842 мың оқушы оқитын 401 жаңа мектеп салынады. 2023 жылы 467,8 мың оқушыға арналған 221 мектептің құрылысын бастау жоспарлануда. Жалпы жобаны жүзеге асыруға 2,6 трлн теңге мемлекет инвестициясы бағытталады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/06/18054525_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_2cc19cb047aca22dd63e29ff7b707f3a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп
АСТАНА, 22 желтоқсан — Sputnik. Өткен оқу жылында Қазақстанда 169 үш ауысымды мектеп жұмыс істеді, бұл бір жыл бұрынғыдан 5,6% артық (160 мектеп), ал үш жыл ішінде мұндай мектептердің саны бірден 32% өсті, деп жазды Ranking.kz.
Егер оқушылар санына қатысты жағдайды қарастыратын болсақ, онда мәселенің ауқымы айқынырақ көрінеді. Мәселен, соңғы мәліметтер бойынша үш ауысымдағы мектептерде 291,1 мың оқушы білім алуда, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,9% артық.
Өңірлер бойынша үш ауысымды мектептердің ең көп саны Алматыда (59 мектеп), сондай-ақ Маңғыстау (18 мектеп), Атырау (17 мектеп), Түркістан (15 мектеп) және Павлодар (10 мектеп) облыстарында байқалады.
Елдегі оқушылар орнының, сондай-ақ үш ауысымды және апатты мектептердің тапшылығы мәселесін шешу үшін мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Жайлы мектеп" ұлттық пилоттық жобасы іске қосылды, оны 2023 жылдан 2025 жылға дейін іске асыру жоспарлануда. Ұлттық жобаның бірыңғай операторы ретінде "Samruk-Kazyna Construction" АҚ таңдалды.
Ұлттық жобаны жүзеге асырудың арқасында республикада 842 мың оқушы оқитын 401 жаңа мектеп салынады. 2023 жылы 467,8 мың оқушыға арналған 221 мектептің құрылысын бастау жоспарлануда. Жалпы жобаны жүзеге асыруға 2,6 трлн теңге мемлекет инвестициясы бағытталады.