https://sputnik.kz/20221222/toqaev-mirziev-tarikhi-quzhat-30540643.html
Тоқаев пен Мирзиёев тарихи құжатқа қол қояды
Тоқаев пен Мирзиёев тарихи құжатқа қол қояды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барған Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи құжатқа қол қойылатынын мәлімдеді. Онымен Қазақстанның... 22.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-22T16:23+0500
2022-12-22T16:23+0500
2022-12-22T16:35+0500
саясат
қасым-жомарт тоқаев
шавкат мирзиёев
құжат
https://sputnik.kz/img/109/22/1092298_0:102:1971:1211_1920x0_80_0_0_0bb626278dcf2ba2e8f0564da1184675.jpg
АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барған Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи құжатқа қол қойылатынын мәлімдеді. Онымен Қазақстанның оңтүстік шекарасы халықаралық-құқықтық тұрғыда толығымен рәсімделеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бүгін екі елдің президенттері шағын және кеңейтілген құрамда кездесті. Сол кезде Қазақстан президенті маңызды әрі тарихи құжаттарға қол қойылатынын айтты. Алдымен одақтастық қарым-қатынас туралы шарт рәсімделеді. "Егер біз шартты тарихи маңызы бар құжат деп атайтын болсақ, бұл асыра айту емес деп ойлаймын. Бұл аса маңызды құжат біз үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады және екі елдің өзара ынтымақтастықты нығайтуға деген ортақ ұмтылысын білдіреді. Бұдан бөлек, бүгін Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік шекараларын демаркациялау туралы шартқа қол қойылады", - деді Тоқаев. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл тарихи келісім Қазақстанның оңтүстігіндегі мемлекеттік шекарасын халықаралық-құқықтық тұрғыда рәсімдеу ісін толығымен аяқтайды.Сонымен қатар, келіссөз барысында президенттер екіжақты ынтымақтастықтың саяси тұғырнамасын бекемдей түсетін Жоғары мемлекетаралық кеңес пен Парламентаралық кеңес құру жөнінде уағдаласты.Ал Шавкат Мирзиёев шағын құрамдағы келіссөздің нәтижелі болғанын ерекше атап өтті.
https://sputnik.kz/20221222/qazaqstan-ozbekstan-yntymaqtastygy-ortalyq-aziya-30536478.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/109/22/1092298_111:0:1860:1312_1920x0_80_0_0_a92c2f6d9ce18616b24090121ad5c0fc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, шавкат мирзиёев, құжат
қасым-жомарт тоқаев, шавкат мирзиёев, құжат
Тоқаев пен Мирзиёев тарихи құжатқа қол қояды
16:23 22.12.2022 (жаңартылды: 16:35 22.12.2022) АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барған Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи құжатқа қол қойылатынын мәлімдеді. Онымен Қазақстанның оңтүстік шекарасы халықаралық-құқықтық тұрғыда толығымен рәсімделеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Бүгін екі елдің президенттері шағын және кеңейтілген құрамда кездесті. Сол кезде Қазақстан президенті маңызды әрі тарихи құжаттарға қол қойылатынын айтты. Алдымен одақтастық қарым-қатынас туралы шарт рәсімделеді.
"Егер біз шартты тарихи маңызы бар құжат деп атайтын болсақ, бұл асыра айту емес деп ойлаймын. Бұл аса маңызды құжат біз үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады және екі елдің өзара ынтымақтастықты нығайтуға деген ортақ ұмтылысын білдіреді. Бұдан бөлек, бүгін Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік шекараларын демаркациялау туралы шартқа қол қойылады", - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, бұл тарихи келісім Қазақстанның оңтүстігіндегі мемлекеттік шекарасын халықаралық-құқықтық тұрғыда рәсімдеу ісін толығымен аяқтайды.
Сонымен қатар, келіссөз барысында президенттер екіжақты ынтымақтастықтың саяси тұғырнамасын бекемдей түсетін Жоғары мемлекетаралық кеңес пен Парламентаралық кеңес құру жөнінде уағдаласты.
Ал Шавкат Мирзиёев шағын құрамдағы келіссөздің нәтижелі болғанын ерекше атап өтті.