Семейде "Абай жастары" бағдарламасы іске қосылды

© Sputnik / Абзал КалиевКлючи, иллюстративное фото
Ключи, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 22 желтоқсан — Sputnik. Абай облысында жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ол 35 жасқа дейінгі Семей қаласының тұрғындарына барынша тиімді шарттармен баспана сатып алуға көмектеседі. "Абай жастары" бағдарламасына жергілікті әкімдікте үй кезегінде тұрған азаматтар қатыса алады. Сондай-ақ өтініштер дәрігерлер, мәдениет және спорт қызметкерлері мен журналистерден қабылданады.
Қатысушылар үшін несиенің пайыздық мөлшерлемесі жылдық 5% тең болады. Заемның ең жоғары сомасы – 15 млн теңгеге дейін. Алғашқы жарна баспана құнының кем дегенде 10% тең болуы керек. Несие 19 жылға дейін беріледі. Қолжетімді несиелендіру бағдарламасын жүзеге асыруға Семей қаласының әкімдігі 573 млн теңге қаражат бөлініп отыр. Оның көмегімен Отбасы банк "Абай жастары" қатысушыларын несиелендіретін болады.
Бағдарламаға қатысуды көздеген тұрғындар Абай ауданы, Семей қаласының Тұрғын үй инспекциясы бөліміне өтініш бере алады. Өтініштер 2022 жылдың 22 желтоқсанынан бастап 2023 жылдың 12 қаңтарына дейін қабылданады.
Жаңалықтар
0