Сәтбаев қаласының жылу энергетикалық орталығын "миналаған" адам ұсталды

© Sputnik / Виктор ТолочкоМигалки на полицейской машине
Мигалки на полицейской машине - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. Сәтбаев қаласының полицейлері ЖЭО-на "жарылғыш зат" қойылды деп хабарлаған мас ер адамды ұстады.
20 желтоқсанында сағат 15.00-дер шамасында Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының полиция бөлімінің кезекші бөліміне, белгісіз біреуден жылу электр орталығында жарылыс болатыны туралы хабарлама келіп түсті.
Аталған энергетикалық нысанға келген жедел-тергеу тобының қызметкерлері алкогольдік масаң күйде болған 27 жастағы ер адамды ұстады, ол кінәсін мойындады.
ЖЭО аумағында жүргізілген тексеріс нәтижесі бойынша жарылғыш зат табылмады.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жаңалықтар
0