https://sputnik.kz/20221222/reseylik-sarapshylar-qazaqstandagy-elektr-quaty-tapshylygynyn-sebebi-turaly-aytty-30525007.html
Ресейлік сарапшылар Қазақстандағы электр қуаты тапшылығының себебі туралы айтты
Ресейлік сарапшылар Қазақстандағы электр қуаты тапшылығының себебі туралы айтты
Sputnik Қазақстан
Қыс мезгілі елдегі электр қуатының тапшылығын айшықтай түсті. Электр энергиясының тапшылығы тәулігіне 500 мегаватқа жетеді. Қазақстанның энергетика... 22.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-22T10:12+0500
2022-12-22T10:12+0500
2022-12-22T10:12+0500
электр энергиясы
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/09/18866337_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_2f79c1d248d35edfbf1d6002bef59059.jpg
Қыс мезгілі елдегі электр қуатының тапшылығын айшықтай түсті. Электр энергиясының тапшылығы тәулігіне 500 мегаватқа жетеді. Қазақстанның энергетика министрлігінің мәліметі бойынша, жабдықтың 60%-і ескіргені де жағдайды ушықтырып отыр. Себебі, бұл электр желілеріндегі жиі апаттарға әкелуде. Сала мамандары Қазақстандағы бұл мәселені шешуге Ресей көмектесе алады дейді. Ресейлік сарапшылардың электр қуатының тапшылығы себептері мен проблемаларды шешу әдістері туралы пікірлері Sputnik материалында жинақталды. Кеңестік үлгідегі ЖЭО энергия сұранысын қанағаттандырмайды Осы жылдың желтоқсанында Қазақстанда электр энергиясын тұтыну айтарлықтай өсті. KEGOC магистральдық электр желілерінің ұлттық операторының мәліметі бойынша, 7 желтоқсанда тұтынудың тарихи максимумы тіркелді – генерациясы 15 203 МВт кезінде 16 459 МВт. Тапшылық Ресейден келетін жоспардан тыс электр қуаты ағындары есебінен жабылды. Неліктен елде электр энергиясы жетіспейді? Қазақстанның электр энергетикасы КСРО заманынан бері жаңғыртылмады, дейді атом энергетикасы саласындағы сарапшы Алексей Анпилогов. Сәйкесінше, жүйе Қазақстан халқының өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруды тоқтатты. "Бұл кеңестік үлгідегі ЖЭО. Оларға модернизация және жөндеу жүргізілмеген. Жаңа энергоблоктарды ешкім салған жоқ", - дейді Анпилогов. Анпилогов электр энергетикасының құлдырауына халық санының азаюы себеп болды деп есептейді. "1994-2001 жылдар аралығында халық санының азаюы байқалды. Қажеттілік болмағандықтан электр энергетикасы жаңғыртылмады. Тұтыну сұранысы төмендеді. Қазақстан тіпті артылған электр энергиясын көршілес елдерге экспорттаған. Алайда 2002 жылдан Қазақстан халқының тұрақты өсуі басталды", - деп түсіндірді Анпилогов. Қазіргі уақытта Қазақстанда энергетикалық қуаты қатты ауытқып тұр. Сарапшы Қазақстанның негізгі элект энергиясын өндіруші қуаттары Екібастұз көмір бассейнінің аумағында орналасқанын, ал республиканың электр энергетикасының басым бөлігі көмірді пайдаланатынын еске салды. 2022 жылы электр станцияларындағы апат деңгейі бір жыл бұрынғыдан 23%-ке жоғары болды. Ал апаттардың негізгі себебі электр станциялары жабдықтарының тозуы болып табылады және бұл 57%-ті құрайды. Мұндай мәліметтерді "Самұрық-Қазына" мемлекеттік инвестициялық қоры ұсынды. Қазақстан жақын арада Ресейден қажетті электр жабдықтарына тапсырыс берсе, екі жылдың ішінде Қазақстандағы ЖЭО-ларға күрделі жаңғырту жүргізуге болады, деді РФ Ұлттық энергетика институты бас директорының орынбасары Александр Фролов. Желілер тозған Электр энергиясын өндіру ғана емес, желілік инфрақұрылым да проблема болып отыр. "Қазақстанда былтыр электр қуатын беру тоқтап, трансформаторлар істен шықты. Бұл бір жылдан бері жалғасып келеді. Биыл қыс қарсаңында болып жатқан жағдайдың алдын алу үшін осы бір жыл ішінде көп шара қабылдауға болар еді", - деді Фролов. KEGOC ақпараты бойынша 2021 жылдың басына қарай электр таратуға арналған әуе желілерінің 83%-і 30 жылдан астам қызмет етті, ал олардың тозу көрсеткіші 74,8%-ті құрайды. Александр Фролов Қазақстанның энергетика министрлігі бұл мәселені тез арада шешуі керек және ресейлік Бірыңғай энергетика жүйесінің федералдық желілік компаниясымен ынтымақтастық орнатуға негіз көп деп санайды. "Ресей Федерациясынан электр қуатының ағындары болып жатқандықтан, жұмысты үйлестіру жақсы болар еді", - деді сарапшы. Атом энергетикасы мәселені шеше алады Алексей Анпилоговтың пікірінше, республиканың 1990 жылдардың аяғында бас тартқан атом энергетикасына қайта оралуы жағдайды түзете алады. Қазіргі уақытта Қазақстанда жұмыс істеп тұрған бірде-бір атом электр станциясы жоқ. Анпилогов Қазақстан Балқаш көлінің маңында атом электр станциясын салу арқылы мәселені шеше алады деп санайды. Бірақ Қазақстанда атом электр станциясы салынатын технологияны таңдау процесі әлі аяқталған жоқ. Бұл туралы тамыздың соңында Қазақстанның энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді. "Технологиялары қарастырылып жатқан елдер тізімінде Франция, Ресей Федерациясы, Қытай және Оңтүстік Корея бар", - деді министр. "Одан әрі даму қай технологияны таңдайтынымызға байланысты. Бұл барлық жағынан өте маңызды мәселе. Сондықтан біреуді таңдадық, біреумен құрылысты бастап жатырмыз деуге әлі ерте", - деді Болат Ақшолақов. Алексей Анпилоговтың айтуынша, АЭС құрылысы бойынша тендерге төрт компания қатысуды жоспарлап отыр: ресейлік Росатом, оңтүстіккореялық KHNP, қытайлық CNNC, француздық Orano. "Франция мен Корея ұсыныстары Ресей мен Қытай ұсынғаннан бірнеше есе қымбат болуы мүмкін", - деді Анпилогов. "Бірақ қыс мезгіліндегі электр қуатының тапшылығына байланысты жағдай Қазақстан билігін бұл процесті тездетуге итермелеуі мүмкін. Бұл жағдайды кейінге қалдыруға болмайды. Өйткені Қазақстан ұлттық энергетикалық жүйе қарқынды дамып жатқан өнеркәсіп қажеттіліктері үшін жеткіліксіз жағдайға таяды", - деп түсіндірді сарапшы. Фролов қаржы тұрғысынан Қазақстан үшін ең тиімді шешім ресейлік "Росатоммен" серіктестік орнату деп есептейді. Бұл ретте "Росатом" тендерді ұтып алса да, АЭС құрылысы 5-6 жылға созылатынын ескерген жөн.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/09/18866337_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_fd9bb214e4bf92b20c98eb7c478cf7fe.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
электр энергиясы
Қыс мезгілі елдегі электр қуатының тапшылығын айшықтай түсті. Электр энергиясының тапшылығы тәулігіне 500 мегаватқа жетеді. Қазақстанның энергетика министрлігінің мәліметі бойынша, жабдықтың 60%-і ескіргені де жағдайды ушықтырып отыр. Себебі, бұл электр желілеріндегі жиі апаттарға әкелуде.
Сала мамандары Қазақстандағы бұл мәселені шешуге Ресей көмектесе алады дейді. Ресейлік сарапшылардың электр қуатының тапшылығы себептері мен проблемаларды шешу әдістері туралы пікірлері Sputnik материалында жинақталды.
Кеңестік үлгідегі ЖЭО энергия сұранысын қанағаттандырмайды
Осы жылдың желтоқсанында Қазақстанда электр энергиясын тұтыну айтарлықтай өсті. KEGOC магистральдық электр желілерінің ұлттық операторының мәліметі бойынша, 7 желтоқсанда тұтынудың тарихи максимумы тіркелді – генерациясы 15 203 МВт кезінде 16 459 МВт. Тапшылық Ресейден келетін жоспардан тыс электр қуаты ағындары есебінен жабылды.
Неліктен елде электр энергиясы жетіспейді? Қазақстанның электр энергетикасы КСРО заманынан бері жаңғыртылмады, дейді атом энергетикасы саласындағы сарапшы Алексей Анпилогов. Сәйкесінше, жүйе Қазақстан халқының өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруды тоқтатты.
"Бұл кеңестік үлгідегі ЖЭО. Оларға модернизация және жөндеу жүргізілмеген. Жаңа энергоблоктарды ешкім салған жоқ", - дейді Анпилогов.
Анпилогов электр энергетикасының құлдырауына халық санының азаюы себеп болды деп есептейді. "1994-2001 жылдар аралығында халық санының азаюы байқалды. Қажеттілік болмағандықтан электр энергетикасы жаңғыртылмады. Тұтыну сұранысы төмендеді. Қазақстан тіпті артылған электр энергиясын көршілес елдерге экспорттаған. Алайда 2002 жылдан Қазақстан халқының тұрақты өсуі басталды", - деп түсіндірді Анпилогов.
Қазіргі уақытта Қазақстанда энергетикалық қуаты қатты ауытқып тұр.
"Қазақстан үнемі солтүстіктен оңтүстікке электр энергиясын тасымалдау қажеттілігін сезінеді. Оңтүстікте электр энергиясы тапшы. Солтүстікте электр энергиясы артық", - дейді Анпилогов.
Сарапшы Қазақстанның негізгі элект энергиясын өндіруші қуаттары Екібастұз көмір бассейнінің аумағында орналасқанын, ал республиканың электр энергетикасының басым бөлігі көмірді пайдаланатынын еске салды.
2022 жылы электр станцияларындағы апат деңгейі бір жыл бұрынғыдан 23%-ке жоғары болды. Ал апаттардың негізгі себебі электр станциялары жабдықтарының тозуы болып табылады және бұл 57%-ті құрайды. Мұндай мәліметтерді "Самұрық-Қазына" мемлекеттік инвестициялық қоры ұсынды.
Қазақстан жақын арада Ресейден қажетті электр жабдықтарына тапсырыс берсе, екі жылдың ішінде Қазақстандағы ЖЭО-ларға күрделі жаңғырту жүргізуге болады, деді РФ Ұлттық энергетика институты бас директорының орынбасары Александр Фролов.
Электр энергиясын өндіру ғана емес, желілік инфрақұрылым да проблема болып отыр.
"Қазақстанда былтыр электр қуатын беру тоқтап, трансформаторлар істен шықты. Бұл бір жылдан бері жалғасып келеді. Биыл қыс қарсаңында болып жатқан жағдайдың алдын алу үшін осы бір жыл ішінде көп шара қабылдауға болар еді", - деді Фролов.
KEGOC ақпараты бойынша 2021 жылдың басына қарай электр таратуға арналған әуе желілерінің 83%-і 30 жылдан астам қызмет етті, ал олардың тозу көрсеткіші 74,8%-ті құрайды.
Александр Фролов Қазақстанның энергетика министрлігі бұл мәселені тез арада шешуі керек және ресейлік Бірыңғай энергетика жүйесінің федералдық желілік компаниясымен ынтымақтастық орнатуға негіз көп деп санайды.
"Ресей Федерациясынан электр қуатының ағындары болып жатқандықтан, жұмысты үйлестіру жақсы болар еді", - деді сарапшы.
Атом энергетикасы мәселені шеше алады
Алексей Анпилоговтың пікірінше, республиканың 1990 жылдардың аяғында бас тартқан атом энергетикасына қайта оралуы жағдайды түзете алады. Қазіргі уақытта Қазақстанда жұмыс істеп тұрған бірде-бір атом электр станциясы жоқ.
Анпилогов Қазақстан Балқаш көлінің маңында атом электр станциясын салу арқылы мәселені шеше алады деп санайды.
"Бұл көл елдің орталығында орналасқан. Қазіргі уақытта Алматы облысындағы Үлкен ауылының маңында атом электр станциясын салу үшін жер таңдалды. Қазақстан құрылыс технологиясы мен тапсырыс берушілерді анықтауы керек болатын", – дейді сарапшы.
Бірақ Қазақстанда атом электр станциясы салынатын технологияны таңдау процесі әлі аяқталған жоқ. Бұл туралы тамыздың соңында Қазақстанның энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді.
"Технологиялары қарастырылып жатқан елдер тізімінде Франция, Ресей Федерациясы, Қытай және Оңтүстік Корея бар", - деді министр.
"Одан әрі даму қай технологияны таңдайтынымызға байланысты. Бұл барлық жағынан өте маңызды мәселе. Сондықтан біреуді таңдадық, біреумен құрылысты бастап жатырмыз деуге әлі ерте", - деді Болат Ақшолақов.
Алексей Анпилоговтың айтуынша, АЭС құрылысы бойынша тендерге төрт компания қатысуды жоспарлап отыр: ресейлік Росатом, оңтүстіккореялық KHNP, қытайлық CNNC, француздық Orano.
"Франция мен Корея ұсыныстары Ресей мен Қытай ұсынғаннан бірнеше есе қымбат болуы мүмкін", - деді Анпилогов.
"Бірақ қыс мезгіліндегі электр қуатының тапшылығына байланысты жағдай Қазақстан билігін бұл процесті тездетуге итермелеуі мүмкін. Бұл жағдайды кейінге қалдыруға болмайды. Өйткені Қазақстан ұлттық энергетикалық жүйе қарқынды дамып жатқан өнеркәсіп қажеттіліктері үшін жеткіліксіз жағдайға таяды", - деп түсіндірді сарапшы.
Фролов қаржы тұрғысынан Қазақстан үшін ең тиімді шешім ресейлік "Росатоммен" серіктестік орнату деп есептейді. Бұл ретте "Росатом" тендерді ұтып алса да, АЭС құрылысы 5-6 жылға созылатынын ескерген жөн.