Ресей мен Иран екіжақты ынтымақтастықты қалай нығайтып жатыр

© AP Photo / Vahid SalemiОбразцы боевых ракет на фоне портрета высшего руководителя Ирана аятоллы Али Хаменеи, выставленные на площади Бахарестан в Тегеране. Архивное фото
Образцы боевых ракет на фоне портрета высшего руководителя Ирана аятоллы Али Хаменеи, выставленные на площади Бахарестан в Тегеране. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.12.2022
Жазылу
Америкалық Bloomberg басылымы өзекті мәселені көтерген мақала жариялады. Соңғы алты айдағы энергетика және логистика нарығындағы оқиғаларды сараптай келе, олар санкциялар ұжымдық Батыстың екі негізгі геосаяси қарсыластары – Ресей мен Иранға ауыр зиян келтірмегенімен қатар, оларды екіжақты ынтымақтастықты нығайту және сауданы жеделдетілген қарқынмен арттыруға мәжбүрледі деген қорытындыға келді, деп жазды РИА Новости.
Батыс сарапшыларының пікірінше, логистикалық тізбек екі елге санкцияларға байланысты келтірілген шығындарды өтеуге ғана емес, сонымен қатар Еуропадағы жүктерді тасымалдаудың әдеттегі бағыттарына кедергі келтіруге мүмкіндік береді.
Кремль Еуроодақты Азия нарығына жүк тасымалдаудың қалыптасқан жолын бұзбауға барынша көндіруге тырысты. Шамамен жарты жыл бұрын сауданың басым бөлігі Балтық порттары арқылы өтетін. Ресейлік кәсіпорындардың өнімдері, азық-түлік және тағы басқалар 40 күндік ұзақ жол бойы Балтық, Солтүстік теңіз сулары арқылы өтіп, Францияны, Испанияны, Италияны айналып өтіп, Жерорта теңізі арқылы жүріп, Суэцк арнасы, одан кейін, Араб түбегін айналып өтіп, ақырында Үндістанның Мумбай портына жетеді. Бір айдан астам уақыт ішінде кемелер 14 мың километр қашықтықты жүріп өтеді.
Мәскеу мен Тегеран ынтымақтастықты арттыруға бел буып, кез келген проблема жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деген ұстанымды басшылыққа алды. Тараптар Мумбайға, Үндістанның басқа да порттарына және ары қарайҚытайға қысқа бағдарды ойластырды.
"Егер тауарды оңтүстікке қарай өзендердің бойымен Астрахань, Оля немесе Махачкала порттарына дейін тасымалданатын болса, Каспий теңізі арқылы Иранның Астара, Энзели, Ноушехр және Әмірабад порттарын қол созым жерде екені белгілі болды. Ең бастысы – бұл бағыт небәрі үш мың километрді құрап қана қоймай, сонымен қатар ол толығымен екі елдің ұлттық шекарасында болғандықтан, Батыстың кез келген санкцияларынан толықтай қорғалған", - деп жазылған мақалада.
Ресей мен Иран көлік дәлізін құруға 25 миллиард доллардан инвестиция салатыны белгілі. Ресейде Еділ арқылы өтетін кемелердің жиілігі мен көлемін арттыру, сондай-ақ айлақ инфрақұрылымының құрылысы көзделіп отыр. Осы іс-шаралардың арқасында өзендегі фарватерлар арқылы су сыйымдылығы алты мың тоннаға дейінгі кемелер жүзе алады деп күтіліп отыр. Ал қазір кемелердің су сыйымдылығы үш мыңға дейін шектелген.
Иранның IRSL мемлекеттік агенттігі Астрахань маңындағы Солянка портын жаңғыртуға қазірдің өзінде он миллион доллардан астам қаржы салғаны белгілі. Америкалық сарапшылардың айтуынша, инвестиция жүктерді ауыстырып тиеуді айына 85 мың тоннаға дейін арттырады.
Institute for the Study of War сарапшыларының пікірінше, Мәскеу бір мезгілде Дон бойында кеме қатынасын ұлғайту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Одан әрі ресейлік тауарлар Азов сулары арқылы белсенді түрде қалпына келтіріліп жатқан Мариуполь порты арқылы Түркияға жөнелтіледі. Айта кету керек, Түркия Еуропаның оңтүстігіндегі негізгі газ хабына айналған және көршілес Иранға жүктерді ауыстырып тиеу үшін транзиттік елге айналуы ықтимал. Бұл бағыт та Батыс коалициясының кез келген ықтимал қауіп-қатерінен де толықтай қорғалған. Өйткені Азов теңізі қазір Донецк Халық Республикасы, Запорожье және Херсон облыстары, одан кейін Қырым түбегімен тұйықталып тұр.
Парсылар оңтүстікке қарай белсенді түрде темір жол салып жатыр. Қазір бұл темір жол Бендер-Аббас портына дейін жетті және екінші кезеңде басты міндет теміржол тармағын Чабахар портына дейін жеткізу болып отыр. Осы жүзее асырылғаннан кейін Мумбайдағы үнді портына дейін қысқа логистикалық желі құрылды деп айтуға болады.
Қарама-қарсы географиялық бағыттағы құрылысқа да баса назар аударылып жатыр. Өйткені қазіргі уақытта Еділдегі порттарды қанша кеңейтсе де, Иран порттарынан тікелей теміржол байланысы болмаса, бәрі тиімсіз болады. Қазіргі уақытта жүк тасымалдау теміржол станциясы тек Әмірабад портында бар.
"Тегеранның алдында күрделі міндет тұр. Өйткені ирандықтар бірден екі құрлық бағдарын салып жатыр. Оның бірі Әзербайжан шекарасына жақындады, екіншісі Түркіменстанға қарай тартылады. Ресейлік және ирандық өндірушілерді байланыстыру үшін Әзербайжанға қарай шамамен 160 километр жол салу керек. Бірақ бұл тау жоталары арқылы дәліздер мен туннельдерді тесуді қамтиды. Қазіргі уақытта Иран солтүстік-шығыс өткелінің құрылысына 25 миллиард доллар жұмсады және дәл осындай соманы тағы да жұмсауға дайын. Оның үстіне, Баку де қызығушылық танытып, өз тарапынан ақшалай көмек көрсетуге дайын", - деп жазды мақала авторы.
Жаңалықтар
0