"Қазгеология" мекемесінің басшылығы жалақысын екі есеге өсіріп алған - Антикор

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги в руках, архивное фото
Деньги в руках, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.12.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 22 желтоқсан - Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланған "Қазгеология" Ұлттық геологиялық барлау компаниясы" АҚ басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттікке сілтеме жасап.
Мекеме басшылығы жарғыны бұза отырып, директорлар кеңесінің тиісті шешімінсіз басқарма төрағасы мен оның 3 орынбасарына және бас геологқа лауазымдық жалақының мөлшерін 2 есе ұлғайтты деген күдікке ілінген.
Оларға 2017-2019 жылдар кезеңінде төленген жалақы, бонустар және материалдық көмектің жалпы құны 169 миллион теңгеден асқан.
Тергеу әлі де жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Жаңалықтар
0