https://sputnik.kz/20221222/otandyq-onlayn-taksi-qyzmeti-30544402.html
Отандық онлайн такси қызметіне қолдау жасалады - министр
Отандық онлайн такси қызметіне қолдау жасалады - министр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин "Аparu" такси қызметінің басшысымен кездесті. 22.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-22T20:51+0500
2022-12-22T20:51+0500
2022-12-22T20:51+0500
такси
министр
https://sputnik.kz/img/1317/29/13172927_0:321:3067:2046_1920x0_80_0_0_5742035844b4da92061cbe1a0448cdc2.jpg
АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин "Аparu" такси қызметінің басшысымен кездесті. Кездесу кезінде компания жетекшісі Ерлан Шаяхметов министрмен сервисті одан әрі дамыту мәселесін талқылады. Алдағы уақытта такси қызметін басқа қалалардың нарығына шығару жолдары қарастырылады. "Aparu – еліміздің Өскемен қаласында 10 жыл бойы такси қызметін табысты жүзеге асырып келе жатқан компания. Ерке Ертістің жағасындағы өскемендіктер арасында сұранысқа ие сервис. Сапа жағынан да қала тұрғындарының көңілінен шыға білген. Соңғы жылдары Аparu такси қызметі күніне 50 мыңға жуық тапсырысты қабылдаған", - деп жазды Мусин Telegram-арнасында. Министрдің ойынша, отандық такси қызметі ЯндексGo, Uber сияқты алыптармен бәсекеге түсе алады. "Компанияның қанатын кеңге жаятынына сенімдімін. Бәсеке бар жерде - даму бар. Біз өз тарапымыздан қазақстандық компанияларды қолдауға және оларды одан әрі дамытуға ынталандыруға тырысамыз", - деп атап көрсетті Мусин.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1317/29/13172927_163:0:2892:2047_1920x0_80_0_0_d7e7fd7c25de3cc348d2ef89fbcba3da.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
такси, министр
Отандық онлайн такси қызметіне қолдау жасалады - министр
АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин "Аparu" такси қызметінің басшысымен кездесті.
Кездесу кезінде компания жетекшісі Ерлан Шаяхметов министрмен сервисті одан әрі дамыту мәселесін талқылады.
Алдағы уақытта такси қызметін басқа қалалардың нарығына шығару жолдары қарастырылады.
"Aparu – еліміздің Өскемен қаласында 10 жыл бойы такси қызметін табысты жүзеге асырып келе жатқан компания. Ерке Ертістің жағасындағы өскемендіктер арасында сұранысқа ие сервис. Сапа жағынан да қала тұрғындарының көңілінен шыға білген. Соңғы жылдары Аparu такси қызметі күніне 50 мыңға жуық тапсырысты қабылдаған", - деп жазды Мусин
Telegram-арнасында.
Министрдің ойынша, отандық такси қызметі ЯндексGo, Uber сияқты алыптармен бәсекеге түсе алады.
"Компанияның қанатын кеңге жаятынына сенімдімін. Бәсеке бар жерде - даму бар. Біз өз тарапымыздан қазақстандық компанияларды қолдауға және оларды одан әрі дамытуға ынталандыруға тырысамыз", - деп атап көрсетті Мусин.