Салық кодексіне өзгеріс енгізілді - Тоқаев заңға қол қойды
© Sputnik / Болат ШайхиновНалоговый кодекс РК
© Sputnik / Болат Шайхинов
Жазылу
АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Салық кодексін түзету және оны енгізу қолданысқа енгізу туралы заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорда.
Бұған дейін ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров заңның негізгі өзгерістерін айтқан. Алдымен микро және шағын бизнес үшін еңбекақы төлеу қорынан алынатын бірыңғай төлемді енгізу жоспарланып отыр.
"Қазіргі уақытта еңбекақы қорынан мөлшерлемелері, есептеу базалары әртүрлі бірнеше төлемдер төленеді. Бұл төлемдерді бір төлемге біріктіру ұсынылады. Әлеуметтік аударымдар мөлшері қызметкерлерге төленетін болашақ төлемдерге әсер ететіндіктен, жүктемені жеке табыс салығы есебінен төмендету көзделіп отыр", - деді Қуантыров сенаттың жалпы отырысында.
Оның сөзіне қарағанда, төлемді арнаулы салық режимдерін пайдаланатын микро және шағын бизнес субъектілері ерікті негізде қолдана алады. Оның сомасы бірыңғай жиынтық төлеміне ұқсас болады. Бұдан бөлек, Салық кодексіне бірнеше маңызды түзетурлер енгізіліп отыр.
Олар:
Конституциялық сотқа жүгінген кездегі мемлекеттік бажды белгілеу, ал халықтың әлеуметтік осал топтарын босату; пайдалы қазбаларды өндіру салығын салу объектісін өзгерту; балық аулау кәсіпорындары үшін балықты өңдеген жағдайда қосылған құн салығын 70%-ға азайту;
шикі қант импортын қосылған құн салығынан босату; қант өндірушілер үшін қосылған құн салығы бойынша жеңілдіктің қолданылу мерзімін ұзарту; зергерлерді алтынды сатқаны үшін қосылған құн салығынан босату;
энергия беруші ұйымның электр желілерін өтеусіз алуы кезінде салық міндеттемелерінің туындауын болдырмау;
жолаушылар тасымалдаушыларына магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсету кезінде салық салу мәселелерін реттеу;
азаматтық авиация саласында сертификаттар бергені үшін алымдарды алып тастау; ·
транзиттік әуе кемелеріне жанармай құю кезінде қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесін қолдануды кеңейту;
шығарылған жылы 7 жылдан аспайтын тартқыштарды бастапқы тіркеу үшін алымнан босату;
Бұдан бөлек, чек бермеу фактілері туралы хабарлағаны үшін сыйақы алу, ипотекалық кредит бойынша берешекті есептен шығару, жалдау құнын төмендету және тұрғын үйді жалға алуға бюджеттік субсидиялар алған кезде салықтық тәуекелдер болмайды.
Сенаторлар заңды екі оқылымда қабылдады.