"Қазақстан халқына" қоры республика бойынша арнайы мектептерді жабдықтайды

© Photo : Пресс-служба фонда "Қазақстан халқына" Фонд "Қазақстан халқына" оснастит коррекционные школы по всей стране
Фонд Қазақстан халқына оснастит коррекционные школы по всей стране - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 21 желтоқсан - Sputnik. Алдағы екі жылда "Қазақстан халқына" қоры еліміздегі арнайы мектептерді құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеді, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.
Жақында 20 желтоқсанда қор Қарағанды облысының Шахтинск қаласында алғашқы арнайы мектепті жабдықтауды аяқтады. Мектепте 45 педагог жұмыс істейді, 123 бала оқиды, оның ішінде мүгедек балалар, жетімдер мен қамқорлыққа алынған балалар бар. Қор арт-терапия, музыка кабинеттерін, қыш өндіру шеберханасын, акт және спорт залдарын жалпы сомасы 37 миллион 58 мың теңгеге жаңартты.
"Арнайы білім беру ұйымдарының қазіргі жағдайына назар аудару қажет. Себебі мектептер тиісті деңгейде қаржыландырылмайды. Сондықтан Қор арнайы мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту, дамыту және әлеуметтендіру үшін қолайлы жағдайлар жасау үшін осы бағдарламаға бастамашылық жасады", – деді "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева.
Мұғалімдердің пікірінше, арт-терапия кабинетіндегі сабақтар ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың физиологиялық, сонымен қатар психологиялық, зияткерлік мүмкіндіктерін ынталандыра түседі.
"Балаларға сурет арқылы сөйлесу оңайырақ. Сурет бойынша баланың ойын түсініп, алаңдаушылығын көре аламыз, онымен жеке әңгіме немесе сабақ өткіземіз. Сондықтан мұндай кабинеттің жабдықталуының пайдасы зор, әрі балалар үшін жақсы мүмкіндік", – дейді бейнелу өнері пәнінің мұғалімі Оксана Бон.
Қыш шеберханасына өндірістік материалдар, мамандандырылған жиһаз, мультимедиялық экран, күйдіруге арналған муфель пеші, қыш жасау дөңгелегі сатып алынды. Мұның бәрі бала қолының ұсақ моторикасын, байқағыштығын, қиялын, сөйлеуін және кеңістіктік бағдарын дамытуға ықпал етеді.
© Photo : Пресс-служба фонда "Қазақстан халқына""Қазақстан халқына" қоры республика бойынша арнайы мектептерді жабдықтайды
Фонд Қазақстан халқына оснастит коррекционные школы по всей стране - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.12.2022
"Қазақстан халқына" қоры республика бойынша арнайы мектептерді жабдықтайды
"Жаңартуға дейін мұнда әдеттегі музыка кабинеті болған. Қазір бөлмеміз жайлы және заманауи музыка кабинетіне сәйкестендірілді. Қор фортепиано, мультимедиялық жабдықтар, жиһаз және тағы басқа жабдықтарды сатып алды. Балалардың эмоционалды күйі әлсіз, сондықтан музыка сабақтарымен айналыса отырып, хор оркестріне, хореографиялық қойылымдарға қатыса отырып, музыканы тыңдауға және түсінуге үйренеді", – дейді педагог-дефектолог Светлана Калюга.
Балалардың ата-аналары да өзгерістерді бағалап, ерекше балаларды қолдаудың маңыздылығын атап өтті. "
Мен бес жыл бұрын ұлымды осы арнайы мектепке алып келдім. Баламда сөйлеу кешігуінің екінші түрі. Қазір ол бесінші сыныпта оқиды және осы уақыт ішінде мұғалімдер үлкен жұмыс атқарды. Балаларға ерекше назар аударғаны үшін барша қауымға, сондай-ақ Қорға алғыс айтқым келеді. Балаларымызға көбірек көңіл бөліп бағалайық", – деп атап өтті ата-аналардың атынан Денис Фраш.
Еске салсақ, екі жыл ішінде "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры 98 арнайы мектептің және Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми–практикалық орталығының материалды-техникалық базасын жаңартуды жоспарлап отыр. Осы мақсатта Қор 2 миллиард 764 миллион теңге бөледі.
Жаңалықтар
0