Президент Ташкент қаласындағы "Тәуелсіздік" монументіне гүл шоғын қойды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаПрезидент Ташкент қаласындағы "Тәуелсіздік" монументіне гүл шоғын қойды
Президент Ташкент қаласындағы Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. Президент Ташкент қаласының "Янги Узбекистон" саябағындағы "Тәуелсіздік" монументіне гүл шоғын қойды.
Монумент былтыр осы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай орнатылған. Ескерткіште өзбек халқының тарихындағы ең маңызды оқиғалар мен белгілі мемлекет қайраткерлерінің, қолбасшылары мен ғалымдарының бейнелері кескінделген.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды. Екі күндік сапар аясында Өзбекстан Президентімен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізу, бірқатар келісімге қол қою жоспарланған.
Жаңалықтар
0