https://sputnik.kz/20221221/myndagan-memlekettik-qyzmetker-deklaratsiya-30498481.html
Мыңдаған мемлекеттік қызметкер декларация тапсырудан жалтарды
Мыңдаған мемлекеттік қызметкер декларация тапсырудан жалтарды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. Мемлекеттік қызметкерлер арасында 2021 жылғы табыс декларациясын тапсырудан жалтарудың 39 мың фактісі анықталды. Бұл туралы... 21.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-21T11:58+0500
2022-12-21T11:58+0500
2023-08-09T09:56+0500
мемлекеттік қызметші
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18893779_0:3:3631:2045_1920x0_80_0_0_950fccfc4ae250595f5bd4def745d7a4.jpg
АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. Мемлекеттік қызметкерлер арасында 2021 жылғы табыс декларациясын тапсырудан жалтарудың 39 мың фактісі анықталды. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Қазақстанда жалпыға бірдей табыс декларациясын кезең-кезеңімен енгізуге шешім қабылданған болатын. Алдымен мемлекеттік қызметкерлер 2021 жылғы есебін тапсыруға міндетті. Оның айтуынша, қазіргі кезде қалған 29 мың адамның декларацияны не себепті тапсырмағаны анықталып жатыр. Олар да түсініктеме беруге тиіс. Табыс декларациясын тапсырмаған мемлекеттік қызметкерлердің арасында жұмыстан шығып кеткен адамадар да болуы мүмкін. Бірақ олар туралы мәліметтер комитетте қала береді. "Айыппұлдар салынбаған, барлығына ескерту түрінде әкімшілік шара қолданылды", – деп атап көрсетті Жанәлінов. Айта кетері, табыс пен мүлік туралы декларация тапсыру шаралары мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайларынан басталған. 2023 жылы мемлекеттік кәсіпорындарда (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт) істейтін қызметкерлер мен олардың жұбайлары декларация тапсыруға міндеттеледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18893779_450:0:3181:2048_1920x0_80_0_0_331f758d08154509f1a70a3347c3ac04.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мемлекеттік қызметші
Мыңдаған мемлекеттік қызметкер декларация тапсырудан жалтарды
11:58 21.12.2022 (жаңартылды: 09:56 09.08.2023) АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. Мемлекеттік қызметкерлер арасында 2021 жылғы табыс декларациясын тапсырудан жалтарудың 39 мың фактісі анықталды. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазақстанда жалпыға бірдей табыс декларациясын кезең-кезеңімен енгізуге шешім қабылданған болатын. Алдымен мемлекеттік қызметкерлер 2021 жылғы есебін тапсыруға міндетті.
"570 мыңнан астам декларация түсті. Алайда декларацияны тапсырмау фактілері де болды. Ондай адамдардың саны 39 мың болған. Барлығына тиісті ескертулер жіберілген. Соның нәтижесінде 10 мың адам табыс декларациясын тапсырды", - деді Жанәлінов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, қазіргі кезде қалған 29 мың адамның декларацияны не себепті тапсырмағаны анықталып жатыр. Олар да түсініктеме беруге тиіс. Табыс декларациясын тапсырмаған мемлекеттік қызметкерлердің арасында жұмыстан шығып кеткен адамадар да болуы мүмкін. Бірақ олар туралы мәліметтер комитетте қала береді.
"Айыппұлдар салынбаған, барлығына ескерту түрінде әкімшілік шара қолданылды", – деп атап көрсетті Жанәлінов.
Айта кетері, табыс пен мүлік туралы декларация тапсыру шаралары мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайларынан басталған. 2023 жылы мемлекеттік кәсіпорындарда (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт) істейтін қызметкерлер мен олардың жұбайлары декларация тапсыруға міндеттеледі.