https://sputnik.kz/20221221/mobildi-audarymdardy-baqylau-zhuyesi-30493104.html
Мобильді аударымдарды тексеру жүйесі біртіндеп енгізіледі – қаржы министрлігі
Мобильді аударымдарды тексеру жүйесі біртіндеп енгізіледі – қаржы министрлігі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. Қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов мобильді аударымдар қалай бақыланатынын... 21.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-21T11:09+0500
2022-12-21T11:09+0500
2022-12-21T11:23+0500
экономика
мобильдік қосымша
қаржы министрлігі
https://sputnik.kz/img/1196/82/11968212_0:0:2001:1125_1920x0_80_0_0_6a0e9f9e2f078b0e4e9c9216f6c06383.jpg
АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. Қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов мобильді аударымдар қалай бақыланатынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Заң бойынша мобильді аударымдар туралы барлық ақпарат мемлекеттік кірістер комитетіне түседі. "Бірақ жеке тұлғалар арасындағы барлық аударым жайында мәлімет алмаймыз. Осыны ерекше атап өткім келеді. Әйтпесе, бүгінде барлығына бірдей болады деп түсініп жатыр. Жоқ, олай емес, нақты талаптар бар. Атап айтқанда, айына 100 және одан көп аударым жасалса, бұл үш ай қатарынан қайталанған жағдайда ғана барлық мәлімет бізге түседі", - деді Жанәлінов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Оның айтуынша, мобильді аударымдарға қатысты ақпарат та біртіндеп түседі. Бірінші кезең 2023 жылы басталады. Алдымен мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайларына түскен мобильді аударымдардың артық көлемі бақылауға алынады. "Екінші кезеңде квазимемлекеттік сала қызметкерлері ілігеді. 2025 жылда үшінші кезең басталады. Ол кезде жеке кәсіпкерлердің мобильді аударымдары бақыланса, 2026 жылдан бастап барлық азаматтың 100-ден асқан және үш ай қатарынан қайталанған аударымдары туралы мәлімет комитеттің қарауына түседі", - деп атап көрсетті комитет басшысы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1196/82/11968212_104:0:1881:1333_1920x0_80_0_0_b315f985c49ca0cbe71f395e28896a64.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мобильдік қосымша, қаржы министрлігі
мобильдік қосымша, қаржы министрлігі
Мобильді аударымдарды тексеру жүйесі біртіндеп енгізіледі – қаржы министрлігі
11:09 21.12.2022 (жаңартылды: 11:23 21.12.2022) АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. Қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов мобильді аударымдар қалай бақыланатынын түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Заң бойынша мобильді аударымдар туралы барлық ақпарат мемлекеттік кірістер комитетіне түседі.
"Бірақ жеке тұлғалар арасындағы барлық аударым жайында мәлімет алмаймыз. Осыны ерекше атап өткім келеді. Әйтпесе, бүгінде барлығына бірдей болады деп түсініп жатыр. Жоқ, олай емес, нақты талаптар бар. Атап айтқанда, айына 100 және одан көп аударым жасалса, бұл үш ай қатарынан қайталанған жағдайда ғана барлық мәлімет бізге түседі", - деді Жанәлінов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, мобильді аударымдарға қатысты ақпарат та біртіндеп түседі. Бірінші кезең 2023 жылы басталады. Алдымен мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайларына түскен мобильді аударымдардың артық көлемі бақылауға алынады.
"Екінші кезеңде квазимемлекеттік сала қызметкерлері ілігеді. 2025 жылда үшінші кезең басталады. Ол кезде жеке кәсіпкерлердің мобильді аударымдары бақыланса, 2026 жылдан бастап барлық азаматтың 100-ден асқан және үш ай қатарынан қайталанған аударымдары туралы мәлімет комитеттің қарауына түседі", - деп атап көрсетті комитет басшысы.