Қоғам

Ғалым, мәжілістің бұрынғы депутаты Амангелді Айталы өмірден өтті

© Photo : abai.kzАмангелді Айталы
Амангелді Айталы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.12.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 21 желтоқсан - Sputnik. 83 жасқа қараған шағында ғалым-философ, қоғам қайраткері Амангелді Айталы өмірден озды. Бұл туралы Qazaqstan телеарнасы хабарлады.
Амангелді Айталы 1939 жылы 10 қыркүйекте Астрахан облысы Володар ауданында дүниеге келген. Осы жылдар ішінде ол білім беру саласында елеулі еңбек етті.
Философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі болды. 100-ден астам ғылыми жарияланымдар мен үш ғылыми еңбектердің авторы.
"Парасат" орденінің, сондай-ақ ІІ және ІІІ дәрежелі "Барыс" орденінің иегері, Амангелді Айталы Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері.
1999 жылдан 2007 жылға дейін мәжілістің ІІ және ІІІ шақырылымдағы депутаты болған еді.
Жаңалықтар
0