https://sputnik.kz/20221221/deputattar-12-zheltoqsan-alash-kuni-30498870.html
Депутаттар 12 желтоқсанды ресми түрде "Алаш күні" деп бекітуді сұрады
Депутаттар 12 желтоқсанды ресми түрде "Алаш күні" деп бекітуді сұрады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. Мәжілістегі "Ақ жол" фракциясы 12 желтоқсанды – Алаш Республикасының құрылған күні ретінде бекітуді және жыл сайын мемлекеттік... 21.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-21T12:16+0500
2022-12-21T12:16+0500
2022-12-21T12:28+0500
депутаттар
желтоқсан
https://sputnik.kz/img/1099/87/10998779_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_587ed3be758bb44a5af3650bb5aba701.jpg
АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. Мәжілістегі "Ақ жол" фракциясы 12 желтоқсанды – Алаш Республикасының құрылған күні ретінде бекітуді және жыл сайын мемлекеттік деңгейде атап өтуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов Қазақ хандығы 1847 жылы мемлекет ретінде тарих сахнасынан кеткеннен кейін араға тура 70 жыл салып, 1917 жылы желтоқсанда сол Қазақ хандығының жер аумағында Алаш ұлт-азаттық қозғалысы заманауи Қазақ ұлттық мемлекетінің іргетасын қайта көтергенін еске салды. Сол жылдың 5-12 желтоқсанында Орынбор қаласында өткен Екінші жалпыұлттық қазақ-қырғыз құрылтайында Алаш орда ұлттық кеңесін жасақтап, көпшілік дауыспен Алаш Республикасы үкіметінің төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. "Бұл туралы Әлімхан Ермеков "Сарыарқа" газетінің 1918 жылғы 22 қаңтардағы санында: "...Алты алаштың баласының басына ақ орда тігіліп, Алаш туы көтерілді..." деп жазған болатын. Іс жүзінде хандық үлгідегі ыдырап кеткен Қазақ мемлекеттілігін қайта жаңғыртуда, яғни, бүгінгі тәуелсіздіктің негізін қалауда 20 ғасырдың басында заманауи Қазақ мемлекетін құруға ұмтылыс жасап, білім мен қажыр-қайратын салып, осы жолда шахид болған Ұлт көсемдерінің, Алаш Республикасы арыстарының рөлін ерекше атап өтуіміз керек", - деді Дүйсенбинов премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдаған депутаттық сауалында. Депутат биыл Алаш Республикасының құрылғанына 105 жыл толғанын айтты. Өкінішке қарай, бұл тарихи дата тағы да атаусыз қалды. "Бүгінде тарихи әділдікті орнататын күн жетті деп санаймыз. Тарих тағылымын ұрпаққа насихаттау мақсатында "Ақ жол" фракциясы Алаштанушы ғалымдардың бастамасын қолдай отырып, Тәуелсіздік күні қарсаңындағы 12 желтоқсанды – тарихи құжаттармен дәлелденген Алаш Республикасының құрылған күні ретінде – "Алаш күні" деп ресми белгілеуді және жыл сайын мемлекеттік деңгейде атап өтуді сұрайды", - деді Дүйсенбинов.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1099/87/10998779_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_369835b5b5000862ed6b5d0ad5e955d7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
депутаттар, желтоқсан
Депутаттар 12 желтоқсанды ресми түрде "Алаш күні" деп бекітуді сұрады
12:16 21.12.2022 (жаңартылды: 12:28 21.12.2022) АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. Мәжілістегі "Ақ жол" фракциясы 12 желтоқсанды – Алаш Республикасының құрылған күні ретінде бекітуді және жыл сайын мемлекеттік деңгейде атап өтуді ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов Қазақ хандығы 1847 жылы мемлекет ретінде тарих сахнасынан кеткеннен кейін араға тура 70 жыл салып, 1917 жылы желтоқсанда сол Қазақ хандығының жер аумағында Алаш ұлт-азаттық қозғалысы заманауи Қазақ ұлттық мемлекетінің іргетасын қайта көтергенін еске салды. Сол жылдың 5-12 желтоқсанында Орынбор қаласында өткен Екінші жалпыұлттық қазақ-қырғыз құрылтайында Алаш орда ұлттық кеңесін жасақтап, көпшілік дауыспен Алаш Республикасы үкіметінің төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды.
"Бұл туралы Әлімхан Ермеков "Сарыарқа" газетінің 1918 жылғы 22 қаңтардағы санында: "...Алты алаштың баласының басына ақ орда тігіліп, Алаш туы көтерілді..." деп жазған болатын. Іс жүзінде хандық үлгідегі ыдырап кеткен Қазақ мемлекеттілігін қайта жаңғыртуда, яғни, бүгінгі тәуелсіздіктің негізін қалауда 20 ғасырдың басында заманауи Қазақ мемлекетін құруға ұмтылыс жасап, білім мен қажыр-қайратын салып, осы жолда шахид болған Ұлт көсемдерінің, Алаш Республикасы арыстарының рөлін ерекше атап өтуіміз керек", - деді Дүйсенбинов премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдаған депутаттық сауалында.
Депутат биыл Алаш Республикасының құрылғанына 105 жыл толғанын айтты.
Өкінішке қарай, бұл тарихи дата тағы да атаусыз қалды.
"Бүгінде тарихи әділдікті орнататын күн жетті деп санаймыз. Тарих тағылымын ұрпаққа насихаттау мақсатында "Ақ жол" фракциясы Алаштанушы ғалымдардың бастамасын қолдай отырып, Тәуелсіздік күні қарсаңындағы 12 желтоқсанды – тарихи құжаттармен дәлелденген Алаш Республикасының құрылған күні ретінде – "Алаш күні" деп ресми белгілеуді және жыл сайын мемлекеттік деңгейде атап өтуді сұрайды", - деді Дүйсенбинов.