https://sputnik.kz/20221221/bas-prokuratura-zhol-salu-kezinde-milliardtagan-tengenin-zhymqyrylganyn-anyqtady--30510450.html
Бас прокуратура жол салу кезінде миллиардтаған теңгенің жымқырылғанын анықтады
Бас прокуратура жол салу кезінде миллиардтаған теңгенің жымқырылғанын анықтады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 желтоқсан — Sputnik. Бас прокуратура "ҚазАвтоЖол" автомобиль жолдары комитетінде және жергілікті әкімдіктерде тексеру жүргізді. 21.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-21T20:15+0500
2022-12-21T20:15+0500
2022-12-21T20:15+0500
жол
бас прокуратура
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0b/26062479_0:58:1280:778_1920x0_80_0_0_9fa675e7687a9153b162d35a3348eab6.jpg
АСТАНА, 21 желтоқсан — Sputnik. Бас прокуратура "ҚазАвтоЖол" автомобиль жолдары комитетінде және жергілікті әкімдіктерде тексеру жүргізді. "Ведомство миллиардтаған соманың кемшіліктерін анықтады. Жол құрылысы барысында 43,4 млрд теңге ұрланып, "ҚазГерСтрой" ЖШС қалтасына салып алған", - делінген бас прокуратураның хабарламасында. 8 жобалық сметалық құжат әзірлеуге бағытталған 600 млн теңге қаражатты тиімсіз пайдалану фактілері анықталған. Сондай-ақ орта және ағымдағы жөндеу кезінде шенеуніктер бес объекті бойынша жобалау-сметалық құжаттардың құнын 2 млрд теңгеден астам сомаға асырып жібергені анықталды. Бюджеттік ақшаны ұрлау үшін мердігер ұйымдар құрылыс материалдары бойынша 70 жалған сертификатты пайдаланған, ал он жағдайда стандарттарға сәйкес келмейтін материалдарді іске асырған. Тексеру барысында шенеуніктер мердігерлердің орындалмаған шарттық міндеттемелеріне де көз жұмғаны анықталды. Нәтижесінде жауапсыз мердігерлердің шарттық міндеттемелерді бұзғаны үшін өтелмеген дебиторлық берешегі 6,8 млрд теңге болған, ал тұрақсыздық айыбы 636 млн теңгені құрайды. Ақы алу жүйесін енгізу жөніндегі инвестициялық жобада да олқылықтар бар. Олар жеткізуші - "Computer vision Technologies" ЖШС қызметтерінің бағасын үш есе көп етіп көрсетіп, нәтижесінде 138,8 млрд теңгені құрағанын. Қазіргі уақытта қаражатты иемдену мен ысырап етудің, сондай-ақ лауазымдық өкілеттікті теріс пайдаланудың барлық фактілері бойынша 23 қылмыстық іс қозғалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен финмониторинг агенттігі одан әрі тергеу жүргізіп жатыр. Айта кететйік, келтірілген барлық залал 45 млрд теңгеден асады. Сондай-ақ "прокурорлар 24 млрд теңгеге бюджет шығындарының алдын алды (жөндеуді қажет етпейтін жұмыс көлемі алынып тасталды, сметадағы шығыстар қайта қаралды және т.б.) және 17,3 млрд теңгеге заңсыз тендерлердің қорытындылары жойылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0b/26062479_84:0:1197:835_1920x0_80_0_0_bdcf8f37e3aa12fa67b1161bfca35bdb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол, бас прокуратура
АСТАНА, 21 желтоқсан — Sputnik. Бас прокуратура "ҚазАвтоЖол" автомобиль жолдары комитетінде және жергілікті әкімдіктерде тексеру жүргізді.
"Ведомство миллиардтаған соманың кемшіліктерін анықтады. Жол құрылысы барысында 43,4 млрд теңге ұрланып, "ҚазГерСтрой" ЖШС қалтасына салып алған", - делінген бас прокуратураның хабарламасында.
8 жобалық сметалық құжат әзірлеуге бағытталған 600 млн теңге қаражатты тиімсіз пайдалану фактілері анықталған. Сондай-ақ орта және ағымдағы жөндеу кезінде шенеуніктер бес объекті бойынша жобалау-сметалық құжаттардың құнын 2 млрд теңгеден астам сомаға асырып жібергені анықталды. Бюджеттік ақшаны ұрлау үшін мердігер ұйымдар құрылыс материалдары бойынша 70 жалған сертификатты пайдаланған, ал он жағдайда стандарттарға сәйкес келмейтін материалдарді іске асырған.
Тексеру барысында шенеуніктер мердігерлердің орындалмаған шарттық міндеттемелеріне де көз жұмғаны анықталды. Нәтижесінде жауапсыз мердігерлердің шарттық міндеттемелерді бұзғаны үшін өтелмеген дебиторлық берешегі 6,8 млрд теңге болған, ал тұрақсыздық айыбы 636 млн теңгені құрайды.
Ақы алу жүйесін енгізу жөніндегі инвестициялық жобада да олқылықтар бар. Олар жеткізуші - "Computer vision Technologies" ЖШС қызметтерінің бағасын үш есе көп етіп көрсетіп, нәтижесінде 138,8 млрд теңгені құрағанын. Қазіргі уақытта қаражатты иемдену мен ысырап етудің, сондай-ақ лауазымдық өкілеттікті теріс пайдаланудың барлық фактілері бойынша 23 қылмыстық іс қозғалды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен финмониторинг агенттігі одан әрі тергеу жүргізіп жатыр.
Айта кететйік, келтірілген барлық залал 45 млрд теңгеден асады. Сондай-ақ "прокурорлар 24 млрд теңгеге бюджет шығындарының алдын алды (жөндеуді қажет етпейтін жұмыс көлемі алынып тасталды, сметадағы шығыстар қайта қаралды және т.б.) және 17,3 млрд теңгеге заңсыз тендерлердің қорытындылары жойылды.