https://sputnik.kz/20221221/2023-zhyly-qazaqstan-import-rekordtyq-dengey-30505446.html
2023 жылы Қазақстанға импорт рекордтық деңгейге жетеді деп болжанып отыр
2023 жылы Қазақстанға импорт рекордтық деңгейге жетеді деп болжанып отыр
Sputnik Қазақстан
Қазақстан басқа нарықтарға қайта бағдарлануда 21.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-21T15:40+0500
2022-12-21T15:40+0500
2022-12-21T15:43+0500
экономика
тауар
ұлттық банк
https://sputnik.kz/img/07e6/04/07/24041201_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_64e979846d66d05d70f2b919f105b84d.jpg
АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. Ұлттық банк 2023 жылы Қазақстанға импорт көлемі айтарлықтай өсіп, 2016 жылғы деңгейден екі есе асады және рекордтық деңгейге жетеді деп болжап отыр.Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетовтің айтуынша, 2024 және 2025 жылдары импорттық тауарлардың одан әрі өсуі тиісінше 54,1 млрд доллар және 54,6 млрд долларды құрайды деп күтілуде. Бұл өсім негізінен бірнеше факторға байланысты.Біріншіден, шетелдік тауарлар қымбаттаса да, халық пен бизнестің сұранысы тұрақты."Мәселен, 2022 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша заттай импорт былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,5%-ке артқан. Бұл өсім негізінен тұтыну және аралық тауарларда болды. Реэкспорттың өсуі есебінен де азық-түлік емес тұтыну тауарларына қатысты импортқа қосымша қысым көрсетіліп отыр", - дейді Баймағамбетов.Екіншіден, 2022 жылғы 9 айда Ресейден импорт 11%-ға қысқарса да, физикалық жеткізілімдердің ұлғаюы басқа нарықтарға, мысалы Қытайға біртіндеп қайта бағдарланып жатқанын көрсетіп отыр.Үшіншіден, орта мерзімді перспективада жоспарланған фискалдық шығыстар аралық тауарлар импортының одан әрі өсуін ынталандырады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/07/24041201_104:0:1280:882_1920x0_80_0_0_03f12b5f39a39cd691fe1116024b56c8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тауар, ұлттық банк
2023 жылы Қазақстанға импорт рекордтық деңгейге жетеді деп болжанып отыр
15:40 21.12.2022 (жаңартылды: 15:43 21.12.2022) Қазақстан басқа нарықтарға қайта бағдарлануда
АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. Ұлттық банк 2023 жылы Қазақстанға импорт көлемі айтарлықтай өсіп, 2016 жылғы деңгейден екі есе асады және рекордтық деңгейге жетеді деп болжап отыр.
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетовтің айтуынша, 2024 және 2025 жылдары импорттық тауарлардың одан әрі өсуі тиісінше 54,1 млрд доллар және 54,6 млрд долларды құрайды деп күтілуде. Бұл өсім негізінен бірнеше факторға байланысты.
Біріншіден, шетелдік тауарлар қымбаттаса да, халық пен бизнестің сұранысы тұрақты.
"Мәселен, 2022 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша заттай импорт былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,5%-ке артқан. Бұл өсім негізінен тұтыну және аралық тауарларда болды. Реэкспорттың өсуі есебінен де азық-түлік емес тұтыну тауарларына қатысты импортқа қосымша қысым көрсетіліп отыр", - дейді Баймағамбетов.
Екіншіден, 2022 жылғы 9 айда Ресейден импорт 11%-ға қысқарса да, физикалық жеткізілімдердің ұлғаюы басқа нарықтарға, мысалы Қытайға біртіндеп қайта бағдарланып жатқанын көрсетіп отыр.
Үшіншіден, орта мерзімді перспективада жоспарланған фискалдық шығыстар аралық тауарлар импортының одан әрі өсуін ынталандырады.