https://sputnik.kz/20221220/zhylu-zhelilerinin-ten-zhartysy-auystyru-30464759.html
Жылу желілерінің тең жартысы ауыстыруды талап етеді – министр
Жылу желілерінің тең жартысы ауыстыруды талап етеді – министр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев қалалардағы жылу желілерінің жай-күйі туралы айтты, деп... 20.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-20T11:25+0500
2022-12-20T11:25+0500
2022-12-20T11:25+0500
жылу желісі
министр
https://sputnik.kz/img/342/48/3424886_0:0:3077:1731_1920x0_80_0_0_edf748d0ee5a4f379f9525ad26ef6c40.jpg
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев қалалардағы жылу желілерінің жай-күйі туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Министрдің айтуынша, бүгінде жылу желілерінің жартысына жуығы әбден тозған, оларды ауыстыру қажет. Әкімдіктердің деректері бойынша табиғи монополиялардың 83 субъектісі 74 қалада жылумен жабдықтау қызметін көрсетеді. Соның ішінде 61 коммуналдық кәсіпорынның теңгерімінде 10,2 мың шақырым (52%-ке тозған), 22 жеке субъектінің теңгерімінде 1,9 мың шақырым жылу желісі бар (70 пайызы тозған). 45 қалада желілердің тозу деңгейі 50%-тен төмен, ұзындығы – 4,3 мың шақырым. Желілердің 1,4 мың шақырымы ауыстыруды талап етеді, оларға 52 табиғи монополиялар субъектісі қызмет көрсетеді, соның ішінде мемлекеттік – 39, жеке – 13. 19 қалада желілердің тозу деңгейі 50%-тен 70%-ке дейін, ұзындығы 5,9 мың шақырымды құрайды. Соның ішінде 3,7 мың шақырымын ауыстыру қажет. Желілер 20 субъектінің теңгерімінде (мемлекеттік - 15, жеке - 5). 7 қалада желілердің тозу деңгейі 70%-дан асады, ұзындығы 1,9 мың шақырым. Соның ішінде 1,6 мың шақырымы ауыстыруды талап етеді, олар 7 субъектінің теңгерімінде (мемлекеттік – 4, жеке - 3). Риддер, Шемонаиха және Арқалық қалаларында төрт субъект бойынша ұзындығы 52 шақырым болатын желілердің нормативтік пайдалану мерзімі өтіп кеткен, яғни 25 жылдан асады, дейді Өскенбаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/342/48/3424886_106:0:2837:2048_1920x0_80_0_0_3995443ace8562500e5b9597a5ccb4b2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жылу желісі, министр
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев қалалардағы жылу желілерінің жай-күйі туралы айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, бүгінде жылу желілерінің жартысына жуығы әбден тозған, оларды ауыстыру қажет.
"Бүгінде қалалардағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы 12,1 мың шақырымды құрайды. Оның 6,7 мың шақырымы ауыстыруды талап етеді, орташа тозу деңгейі – 55 процент. Қажетті инвестиция көлемі шамамен 2,2 триллион теңге", - деді Өскенбаев үкімет отырысында.
Әкімдіктердің деректері бойынша табиғи монополиялардың 83 субъектісі 74 қалада жылумен жабдықтау қызметін көрсетеді.
Соның ішінде 61 коммуналдық кәсіпорынның теңгерімінде 10,2 мың шақырым (52%-ке тозған), 22 жеке субъектінің теңгерімінде 1,9 мың шақырым жылу желісі бар (70 пайызы тозған).
45 қалада желілердің тозу деңгейі 50%-тен төмен, ұзындығы – 4,3 мың шақырым. Желілердің 1,4 мың шақырымы ауыстыруды талап етеді, оларға 52 табиғи монополиялар субъектісі қызмет көрсетеді, соның ішінде мемлекеттік – 39, жеке – 13.
19 қалада желілердің тозу деңгейі 50%-тен 70%-ке дейін, ұзындығы 5,9 мың шақырымды құрайды. Соның ішінде 3,7 мың шақырымын ауыстыру қажет. Желілер 20 субъектінің теңгерімінде (мемлекеттік - 15, жеке - 5). 7 қалада желілердің тозу деңгейі 70%-дан асады, ұзындығы 1,9 мың шақырым. Соның ішінде 1,6 мың шақырымы ауыстыруды талап етеді, олар 7 субъектінің теңгерімінде (мемлекеттік – 4, жеке - 3).
Риддер, Шемонаиха және Арқалық қалаларында төрт субъект бойынша ұзындығы 52 шақырым болатын желілердің нормативтік пайдалану мерзімі өтіп кеткен, яғни 25 жылдан асады, дейді Өскенбаев.