Қазақстан Орталық Азиядағы ірі автожол жобасын аяқтап жатыр

© PhotoСтроительство крупнейшего в Центральной Азии инфраструктурного дорожного проекта – БАКАД
Строительство крупнейшего в Центральной Азии инфраструктурного дорожного проекта – БАКАД - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Орталық Азиядағы ірі автожол жобасы - Алматының үлкен айналма жолының құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллиннің айтуынша, автожол құрылысы бойынша барлық негізгі жұмыстар аяқталды.
"Қазіргі кезде абаттандыру және жол ақысын алу жүйесі орнатылып жатыр. Концессия туралы заңға сәйкес, жобалар инвесторларға мемлекет балансына қабылданғаннан кейін ғана беріледі. Осыған байланысты 2023 жылдың екінші жартысында жолды пайдалануға беру жоспарланып отыр", - дейді Абдуллин.
Алматының үлкен айналма жолы Қаскелең маңындағы Қырғауылды ауылынан басталып, Талғар жанындағы Қызылқайрат ауылына дейін жалғасады. Жол Алматы облысының Қарасай, Іле және Талғар аудандарындағы 14 елді мекен арқылы өтеді және Батыс Қытай - Батыс Еуропа транзиттік дәлізінің негізгі буыны болып саналады.
Жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде 2018 жылы қолға алынған болатын. Ал үлкен айналма жолының құрылысы екі жылдан кейін басталды. Құрылыс мерзімі 50 айға жоспарланған. Алайда концессионер жобаны одан бұрын аяқтап жатыр.
Алматының үлкен айналма жолының құрылысына түрік-корей консорциумы жауапты. Жол алты жолақты, ал кейбір жерлерде төрт жолақты болады. Соның арқасында рұқсат етілген максималды жылдамдықпен, яғни, сағатына 110-140 шақырыммен жүрсе, 66 шақырымды небәрі жарты сағатта жүріп өтуге болады.
"Бұл мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында қолға алынған Орталық Азиядағы жол құрылысының ең ірі инфрақұрылымдық жобасы болып табылады. Аталған жоба жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, мегаполис көшелеріндегі кептелісті азайтады және экологиялық жағдайды жақсартады", - деп көрсетті Абдуллин.
Жаңалықтар
0