Қоғам

Qazaq Air Алматыдан Көкшетауға, Астанадан Петропавлға әуе рейстерін ашады

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Qazaq Air әуе компаниясы Қазақстан бойынша рейстер географиясын кеңейтіп жатыр. 2023 жылдан бастап Алматыдан Көкшетауға, Астанадан Петропавлға рейстер іске қосылады.
Компанияның мәліметінше, Алматы – Көкшетау – Алматы бағыты бойынша рейстер аптасына үш рет – дүйсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады. Билеттің тұрақты құны бір бағытқа 27 000 теңгені құрайды.
Астана – Петропавл – Астана бағыты бойынша билет бағасы бір жаққа 12 000 теңге тұрады.
14 жасқа дейінгі балаларға компания 50% көлемінде жеңілдік ұсынады. Қол жүгін тасымалдау нормасы – 5 келі, жол жүгі – 20 келі.
Ұшу датасы мен билеттерді қайтару кезінде ақша ұсталмайды.
Жаңалықтар
0