Президент елдегі кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін талқылады

© Официальный сайт Президента КазахстанаТокаев кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен кездесті
Токаев кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.12.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 20 желтоқсан — Sputnik. Мемлекет басшысына "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Райымбек Баталов отандық кәсіпкерлікті қолдау және дамытуда атқарылып жатқан жұмыстар, мемлекет пен бизнес арасындағы ынтымақтастық, Ұлттық кәсіпкерлер палатасын трансформациялаудың негізгі бағыттары туралы баяндады, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.
Райымбек Баталов палатаның функциясына жатпайтын қызметтерге талдау жасалып, қысқартылғанын, олардың бәсекелік ортаға берілгенін, сондай-ақ Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бюджет бағдарламасына тәуелділігі түбегейлі азайғанын жеткізді. Кездесу барысында еліміздегі кәсіпкерлікті дамытудың негізгі бағыттарына ерекше назар аударылды.
Жоғары әлеуметтік жауапкершілік, адалдық, салық адалдығы, экологиялық талаптарды сақтау және басқа маңызды қағидаттарды берік ұстанатын кәсіпкерлердің жаңа буыны пайда болу үшін жағдай жасау қажеттігі айтылды.
Қазіргі уақытта палата мейлінше жедел шешуді қажет ететін және стратегиялық басымдыққа ие мәселелерді анықтау үшін терең талдау жүргізіп жатыр. Аталған түйткілдердің үкіметпен және әкімдіктермен тығыз серіктестіктесе отырып шешуі экономиканы тиімді әртараптандыруға, жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыруға және қолайлы бизнес ахуал қалыптастыруға септігін тигізеді.
Президент Ұлттық кәсіпкерлер палатасының есебін тыңдап, стратегиялық шешімдер қабылдау кезінде бизнестің мүддесін ескеру маңызды екенін, сондай-ақ отандық кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру үшін ұсынылған шаралар мен "Атамекенді" трансформациялау тәсілдерінің өзектілігін атап өтті.
Жаңалықтар
0