https://sputnik.kz/20221220/pavlodarlyq-avtobus-zhurgizushileri-zholaushy-30461764.html
Павлодарда автобус жүргізушілері жолаушы тасымалдаудан бас тартты - облыс әкімі не дейді
Павлодарда автобус жүргізушілері жолаушы тасымалдаудан бас тартты - облыс әкімі не дейді
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 20 желтоқсан-Sputnik. Павлодарда үлкен автобус бағдарларының көбісі жабылады, деп мәлімдеді Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов. 20.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-20T10:42+0500
2022-12-20T10:42+0500
2022-12-20T11:20+0500
өңірлер
павлодар
автобус
жолаушы
әкім
https://sputnik.kz/img/441/18/4411829_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_71ab4d8de044c0a8123e553df9f7360d.jpg
АЛМАТЫ, 20 желтоқсан-Sputnik. Павлодарда үлкен автобус бағдарларының көбісі жабылады, деп мәлімдеді Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов. Павлодарда 19 желтоқсанда бірнеше бағытта жолаушы тасымалдайтын қалалық автобус жүргізушілері наразылық білдірді. Әкімнің айтуынша, жаңа көлік алынатындықтан, бағдардағы жол қозғалысын реттеп алу керек. Сол себепті қалада көптеген бағдарды жабу жоспарланған. Жаңа автобустардың қозғалысын реттеу үшін аздаған уақыт керек. Павлодарлық автобус жүргізушілері жолға емес, керісінше ереуілге шықты. Жүргізушілер тіпті президентке бейнеүндеу жолдаған. Олар көліктегі жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі мен тарифке көңілі толмайтынын айтып шағымданды. Қала билігі 26 желтоқсанға дейін жүргізушілер, автопарк басшылары және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен мәселені талқылауға уәде берді.
павлодар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/441/18/4411829_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_3e572d2c11d1a47e31e6bd906621bdee.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар, автобус, жолаушы, әкім
павлодар, автобус, жолаушы, әкім
Павлодарда автобус жүргізушілері жолаушы тасымалдаудан бас тартты - облыс әкімі не дейді
10:42 20.12.2022 (жаңартылды: 11:20 20.12.2022) АЛМАТЫ, 20 желтоқсан-Sputnik. Павлодарда үлкен автобус бағдарларының көбісі жабылады, деп мәлімдеді Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов.
Павлодарда 19 желтоқсанда бірнеше бағытта жолаушы тасымалдайтын қалалық автобус жүргізушілері наразылық білдірді.
"Қоғамдық көлік өте аз, жүргізушілер жетіспейді. Енді біз жоғары класты жаңа автобустардың келуін күтеміз. Бір ай шамасында 30 автобус жеткізіледі. қаңтар айының соңына дейін тағы 40 автобус алынады", - деді Асаин Байханов тікелей эфирде.
Әкімнің айтуынша, жаңа көлік алынатындықтан, бағдардағы жол қозғалысын реттеп алу керек. Сол себепті қалада көптеген бағдарды жабу жоспарланған. Жаңа автобустардың қозғалысын реттеу үшін аздаған уақыт керек.
Павлодарлық автобус жүргізушілері жолға емес, керісінше ереуілге шықты. Жүргізушілер тіпті президентке бейнеүндеу жолдаған. Олар көліктегі жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі мен тарифке көңілі толмайтынын айтып шағымданды.
Қала билігі 26 желтоқсанға дейін жүргізушілер, автопарк басшылары және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен мәселені талқылауға уәде берді.