https://sputnik.kz/20221220/oralda-politsiya-toqtatqan-koliktin-zholaushysy-eki-zhylga-sottaluy-mumkin-30471242.html
Оралда полиция тоқтатқан көліктің жолаушысы екі жылға сотталуы мүмкін
Оралда полиция тоқтатқан көліктің жолаушысы екі жылға сотталуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Орал қаласында полиция тоқтатқан көліктің жолаушысы тәртіп сақшыларына бұрауыш алып жүгірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан... 20.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-20T14:17+0500
2022-12-20T14:17+0500
2022-12-20T14:17+0500
полиция
орал
https://sputnik.kz/img/07e5/02/12/16322174_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_8eb3c2f5c7f47f63e5f147225504ccbc.jpg
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Орал қаласында полиция тоқтатқан көліктің жолаушысы тәртіп сақшыларына бұрауыш алып жүгірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап. Ресми мәліметке сәйкес, 19 желтоқсан күні сағат 03.50-де полицейлер ВАЗ-2110 маркалы көлікті тоқтатқан. 32 жастағы жүргізушісі 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылған. Соған қарамастан тағы рөлге отырды. Оған қоса, мас күйінде болды. Оның жанында отырған 24 жастағы досы да ішіп алды. Тәртіп сақшылары көлікті айыппұл тұрағына қоюға шешім шығарды. Сол кезде мас жолаушы полиция инспекторына бұрағыш ала жүгіріп, бірнеше рет соққы жасады. Тәртіп бұзушы ұсталды. Қазіргі кезде жолаушыға қатысты Қылмыстық кодекстің 380-бабы, 1-бөлігі (Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы қылмыс үшін 2 000 айлық есептік көрсеткiшке (6 360 000 теңгеге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар, я болмаса, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал көлік жүргізушісі Қылмыстық кодекстің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша жауапқа тартылады. Ол да ірі мөлшерде айыппұл төлейді, я болмаса, бес жылға түрмеге қамалады.
орал
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/12/16322174_393:0:2642:1687_1920x0_80_0_0_27a4284e4a256c3230a884cf1714d146.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, орал
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Орал қаласында полиция тоқтатқан көліктің жолаушысы тәртіп сақшыларына бұрауыш алып жүгірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 19 желтоқсан күні сағат 03.50-де полицейлер ВАЗ-2110 маркалы көлікті тоқтатқан. 32 жастағы жүргізушісі 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылған. Соған қарамастан тағы рөлге отырды. Оған қоса, мас күйінде болды. Оның жанында отырған 24 жастағы досы да ішіп алды.
Тәртіп сақшылары көлікті айыппұл тұрағына қоюға шешім шығарды. Сол кезде мас жолаушы полиция инспекторына бұрағыш ала жүгіріп, бірнеше рет соққы жасады. Тәртіп бұзушы ұсталды.
Қазіргі кезде жолаушыға қатысты Қылмыстық кодекстің 380-бабы, 1-бөлігі (Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы қылмыс үшін 2 000 айлық есептік көрсеткiшке (6 360 000 теңгеге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар, я болмаса, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Ал көлік жүргізушісі Қылмыстық кодекстің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша жауапқа тартылады. Ол да ірі мөлшерде айыппұл төлейді, я болмаса, бес жылға түрмеге қамалады.