https://sputnik.kz/20221220/ministr-mektepterdegi-internettin-bayaulygyna-kim-kinali-ekenin-aytty-30480031.html
Министр мектептердегі интернеттің баяулығына кім кінәлі екенін айтты
Министр мектептердегі интернеттің баяулығына кім кінәлі екенін айтты
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 20 қыркүйек – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі кейбір мектептердегі интернет жылдамдығының төмендігі туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды... 20.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-20T19:19+0500
2022-12-20T19:19+0500
2022-12-20T19:19+0500
интернет
мектеп
https://sputnik.kz/img/07e5/02/18/16373978_22:0:1768:982_1920x0_80_0_0_35d9607156507db6664d7d3c1735d37a.jpg
АЛМАТЫ, 20 қыркүйек – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі кейбір мектептердегі интернет жылдамдығының төмендігі туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқу-ағарту министрлігінің айтуынша, мектептерді қаржыландыру әкімдіктердің құзырында. Білім ошақтарын интернетпен қамтамасыз етуге қаржыны өңірлердің әкімдіктері мен мәслихаттары бөледі. Мектептерде интернет жылдамдығының төмендігінің бірнеше себебі бар: техникалық жағдайдың жоқтығы, оптикалық талшықты желілер және тағы басқа, ал жоғары жылдамдықты интернетке қосылуға техникалық мүмкіндігі бар мектептер керісінше дұрыс қаржыландырылмайды. Министр Бағдат Мусиннің айтуынша, әкімдіктерге интернетке қосылу бойынша келісімшарттар жасауды орталықтандыру және мектеп ішінде Wi-Fi мен жергілікті желілерді орнату үшін қосымша қаражат бөлу тапсырылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/18/16373978_240:0:1549:982_1920x0_80_0_0_fd19197c8f23d6b71654546bbe7a15c2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
интернет, мектеп
Министр мектептердегі интернеттің баяулығына кім кінәлі екенін айтты
АЛМАТЫ, 20 қыркүйек – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі кейбір мектептердегі интернет жылдамдығының төмендігі туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Оқу-ағарту министрлігінің айтуынша, мектептерді қаржыландыру әкімдіктердің құзырында. Білім ошақтарын интернетпен қамтамасыз етуге қаржыны өңірлердің әкімдіктері мен мәслихаттары бөледі.
Мектептерде интернет жылдамдығының төмендігінің бірнеше себебі бар: техникалық жағдайдың жоқтығы, оптикалық талшықты желілер және тағы басқа, ал жоғары жылдамдықты интернетке қосылуға техникалық мүмкіндігі бар мектептер керісінше дұрыс қаржыландырылмайды.
"Интернеттің жоқтығы мектеп директорларының үнемдеуінен емес, әкімдіктер мен мәслихаттардың мектептерді қажетті тарифтік жоспарға қосу үшін жоғары сапалы интернетке бастапқыда жеткілікті көлемде қаржы бөлмейтіндігінен. Бұл жерде әрине, әкімдіктерден бөлінген қаражаттың жетіспеушілігінен мектеп директоры немесе білім бөлімінің басшысы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ете алмайды. Бұған дейін министрлік алғаш рет білім саласы үшін әкімдіктерге бөлінетін қаржыны жариялағанын айта кетейік. Ақпарат сайтта және әлеуметтік желілерде қолжетімді", - деп мәлімдеді министрлік.
Министр Бағдат Мусиннің айтуынша, әкімдіктерге интернетке қосылу бойынша келісімшарттар жасауды орталықтандыру және мектеп ішінде Wi-Fi мен жергілікті желілерді орнату үшін қосымша қаражат бөлу тапсырылды.