Батыс қоғамында Ресейдің арнайы әскери операциясын талқылау артты
21:17 20.12.2022 (жаңартылды: 09:18 22.12.2022)
© Sputnik / Наталья Селиверстова
/ Жазылу
Украинадағы оқиғалар айналасында Батыс соңғы уақытта қақтығыстағы жеңіс пен жеңіліс тақырыбын өте белсенді қозғап жатыр. Бұл мәселе бойынша саясаткерлер, ресми тұлғалар, сарапшылар мен журналистер, әскерилер, экономистер және энергетика саласындағы мамандар пікір білдіріп жатыр, деп жазды РИА Новости.
Бір қызығы, бір-біріне түбегейлі кереғар пікірлер айтылып жатыр. Біреулер Ресей іс жүзінде қазірдің өзінде жеңіске жетті десе, біреулер Мәскеу ойсырай жеңіліп, ұжымдық Батыс ұсынған капитуляция талаптарын қабылдауға мәжбүр болады деп санайды. Жақында ғана жарық көрген мақаласында Генри Киисинджер де дәл осындай пікір білдірді. Саясаткерлер арасында да қызу пікірталас. Бірі Киевті қаржыландыруды тоқтату керек десе, бірі Ресейдің жеуіне жол бермеу керек деп есептейді.
Барлығы өз ойын қандай да бір дәлел арқылы бекітуге тырысып жатыр. Жалпы, батыстық саясат пен ақпараттық алаңда осы тектес даудың туындауының өзі қызықты факт болып отыр.
"Ондаған жылдар бойы АҚШ жетекшілік етуімен НАТО бүкіл әлем бойынша көптеген әскери жорықты, соның ішінде ұзақ мерзімді жорықты жүргізді. Кейде БАҚ-та Ирактан немесе Ауғанстаннан кету қажеттілігі туралы пікірлер болды. Бірақ бұл пікірлер соншалықты әлсіз болып, олар қоғамдық пікірге де, мемлекеттің ұстанымына да әсер етпеді", - деп жазды РИА Новости тілшісі.
АҚШ Ауғанстаннан бұл тығырыққа тірелген жағдайдан шығудың ең тиімді жолы екені туралы Вашингтон бір шешімге келген кезде ғана кетті. Бірақ, Батыстың ол елдегі жеңісі немесе жеңілісі туралы ауқымды саяси талқылаулар болған емес.
Ондай талқылау болуы екіталай еді. Себебі, НАТО-ның ауған жеріндегі жиырма жылдық операциясы еуропалықтардың да, америкалықтардың да өмірін өзгерткен жоқ. Вьетнамдағы соғыс амеерикалық қоғам сезінген соңғы соғыс болатын. Ирак, Югославия, Ауғанстан тағы да Ирак, Сириядағы соғысты америкалық қоғам тек теледидар арқылы бақылады.
Ол елдерде келісімшарт бойынша қызметкер тартылған әскерилер және жеке меншік әскери компаниялар әрекет етті. Батыс экономикасына мұндай соғыстан ешқандай шығын келтірілген жоқ, керісінше, табыс көріп жатты. Сондықтан осы аталған әскери іс-қимылдар қоғамда, соның ішінде лауазымды тұлғалар мен сарапшылар арасында қызу пікірталас тудырмауы заңды құбылыс.
Бірақ, Украинада бұл қалыпты құбылыс бұзылды. Бір жағынан, Батыстың "прокси-соғыс" туралы көптен келе жатқан арманы орындалды. АҚШ жергілікті одақтастары тиісті соғысу қабілетіне қауқарсыз болғандықтан, әскери іс-қимылға өздері араласуға мәжбүр болды. Америкалық әскерилердің тәкелей араласуынсыз қажетті нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмады. Бұл ретте батыс қолдауынан айырылған жергілікті қарулы күштер тәлібтерден тез жеңілген Ауғанстанның осы сөздің айқын дәлеліне айналды.
"Ал украиндер әлемнің екінші армиясына қарсы соғысып, өздерін мінсіз жауынгер ретінде көрсетті. Батыс барлау, байланыс, қаржыландыру, қару-жарақ жеткізу, әскери нұсқаушылар, жалдамалы әскерилер және тағы басқа мәселелерді өз мойнына алды. АҚШ көп жылдан бері пысықтаған әскери-саяси технолгиясын әске асырды. Сондықтан, батыстағы көптеген маман осы жетістікті жеңіске теңеп, Ресейдің жеңілісін болжады", - деп жазылған мақалада.
Тілшінің пікірінше, Батыс жарты ғасырда алғаш рет соғыс кезеңінің салдарын сезінді. Әскери іс-қимыл Украинада жүріп жатқанына қарамастан, әлеуметтік-экономикалық жағдай нашарлап жатқанын түсініп отыр. Қатардағы еуропалық немесе америкалық азамат Ресеймен текетірес қымбатшылық әкеліп жатқанын біліп отыр.
Батыс жарты жылдан астам уақыттан бері өз қоғамын қазіргі туындап жатқан проблемаларға Мәскеу мен Путин кінәлі деп сендіріп келеді. Ал анығында, енгізілген санкциялар Ресей экономикасына Батыс жоспарлағандай елеулі зиян келтіре алмады. Жаһандық экономика долларға тәуелділіктен айырылып, батыс бақылауынан азат жаңа негіздерге қарай бейімделіп жатыр.

Батыс Украинаны әскери қолдау шараларын біртіндеп арттырып жатыр. Бұл қолдау Батыстың өз армиясына орасан зор шығын келтіріп отыр. Оның үстіне, Еуропа мен АҚШ-тың әскери қақтығысқа тартылуы да ұлғайып барады. Нәтижесінде, көп жылдан бері алғаш рет Батыста әскери тақырып төңірегінде ауқымды пікірталас пен бұқаралық рефлексия басталды.