https://sputnik.kz/20221220/baq-kozachkovtyn-isine-qatysty-toqaevqa-undeu-zholdady-30452893.html
БАҚ Козачковтың ісіне қатысты Тоқаевқа үндеу жолдады - бас прокуратура тексеріс бастады
БАҚ Козачковтың ісіне қатысты Тоқаевқа үндеу жолдады - бас прокуратура тексеріс бастады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 желтоқсан - Sputnik. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес прокуратура органдары журналист Михаил Козачковқа қатысты тергеу жүргізу бойынша... 20.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-20T07:59+0500
2022-12-20T07:59+0500
2022-12-20T08:24+0500
бас прокуратура
журналист
https://sputnik.kz/img/old/918/20/9182010_0:61:1313:800_1920x0_80_0_0_179e870497e06c0be714985ba566a61d.jpg
АСТАНА, 20 желтоқсан - Sputnik. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес прокуратура органдары журналист Михаил Козачковқа қатысты тергеу жүргізу бойынша бірқатар БАҚ өкілдерінің үндеуінде келтірілген уәждерді тексеруге кірісті.Козачков осыдан 2 күн бұрын ұсталды. Қаржы мониторингі агенттігінің оның Алматы қаласы және Алматы облысында жекелеген кәсіпкерлердің мүлкін рейдерлік жолмен басып алу фактілері бойынша ұйымдасқан топқа қатысы бар деп отыр.Осыған байланысты журналистің пәтерінде тергеу сотының санкциясы негізінде жұбайының, куәгерлердің қатысуымен және бейнежазба арқылы тінту жүргізілген.Туындаған резонансты ескере отырып, 18 желтоқсанда қаржы мониторингі агенттігі процестік әрекеттерді жасауға негіз болған мән-жайларды дереу жұртшылықтың назарына ұсынған.Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр. Тергеу барысы прокуратураның қадағалауында."Козачковқа қатысты істің мән-жайын жариялау кезіндегі заңбұзушылықтар, кінәсіздік презумпциясы қағидасы, адвокаттар жұмысына кедергі жасау сынды үндеудегі уәждерге ерекше назар аударылады", - делінген бас прокуратура ақпаратында.Үндеуді қарау нәтижелері туралы тексеру аяқталғаннан кейін жұртшылыққа хабарланады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/918/20/9182010_123:0:1190:800_1920x0_80_0_0_e9561cf1710cd8e5b9270bf191ae8916.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бас прокуратура, журналист
бас прокуратура, журналист
АСТАНА, 20 желтоқсан - Sputnik. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес прокуратура органдары журналист Михаил Козачковқа қатысты тергеу жүргізу бойынша бірқатар БАҚ өкілдерінің үндеуінде келтірілген уәждерді тексеруге кірісті.
Козачков осыдан 2 күн бұрын ұсталды. Қаржы мониторингі агенттігінің оның Алматы қаласы және Алматы облысында жекелеген кәсіпкерлердің мүлкін рейдерлік жолмен басып алу фактілері бойынша ұйымдасқан топқа қатысы бар деп отыр.
"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы Козачковты осы ұйымдасқан топқа қатысты, рейдерлік жасады, мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және таратумен айналысты деп күдікке ілінді", - делінген хабарламада.
Осыған байланысты журналистің пәтерінде тергеу сотының санкциясы негізінде жұбайының, куәгерлердің қатысуымен және бейнежазба арқылы тінту жүргізілген.
Туындаған резонансты ескере отырып, 18 желтоқсанда қаржы мониторингі агенттігі процестік әрекеттерді жасауға негіз болған мән-жайларды дереу жұртшылықтың назарына ұсынған.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр. Тергеу барысы прокуратураның қадағалауында.
"Козачковқа қатысты істің мән-жайын жариялау кезіндегі заңбұзушылықтар, кінәсіздік презумпциясы қағидасы, адвокаттар жұмысына кедергі жасау сынды үндеудегі уәждерге ерекше назар аударылады", - делінген бас прокуратура ақпаратында.
Үндеуді қарау нәтижелері туралы тексеру аяқталғаннан кейін жұртшылыққа хабарланады.