https://sputnik.kz/20221220/astanada-binom-oqushylarynyn-ata-analary-talap-30452505.html
Астанада BINOM оқушыларының ата-аналары көшені жапты - полиция мен әкімдік түсініктемесі
Астанада BINOM оқушыларының ата-аналары көшені жапты - полиция мен әкімдік түсініктемесі
Sputnik Қазақстан
Елордада Бином мектебінің жанындағы өткелде жол талғамайтын көлік баланы қағып кетті. Ата-аналар мектеп оқушыларының қауіпсіздігі үшін көшелерді жарықтандыруды... 20.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-20T07:24+0500
2022-12-20T07:24+0500
2023-08-09T09:58+0500
елорда тынысы
астана
көше
ата-ана
оқушы
https://sputnik.kz/img/819/18/8191897_0:180:4513:2718_1920x0_80_0_0_573485d92b8980f0c385daa807c4ff38.jpg
АСТАНА, 20 желтоқсан - Sputnik. Елордада Бұқар жырау көшесінде баланы қағып кетті, деп хабарлайды қалалық полиция. Ата-аналар рұқсат етілмеген митингке шығып, жолды жауып тастады."Биыл 19 желтоқсан сағат 17:50 шамасында Бұқар жырау көшесінің бойымен келе жатқан Toyota Highlander көлігінің жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп, кәмелетке толмаған баланы қағып кетті", - деп хабарлады полиция.Оқиға салдарынан 8 жасар бала қалалық ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер тексергеннен кейін үйіне жіберілді. Бұл факті бойынша тергеу жүріп жатыр, дейді полицейлер."Оқиғадан кейін жақын маңдағы үйлердің тұрғындары жол жарықтандырылмағанына наразылық білдіріп, өткелді жауып тастады. Жиналғандармен сөйлестік", - деді ведомствода.Бұл учаскені жарық өткізу қажеттігі туралы жергілікті атқарушы органға ақпарат берілді, деп атап өтті полицейлер.Астана қаласының көлік және жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы бұл мәселе бақылауда екенін хабарлады."Бұл учаскеде жарық өткізу жұмысы толықтай жүргізілмеген. Сондықтан іркіліс туындады", - деді ведомствода.Қысқа мерзімде бұл мәселенің шешімін тауып, жарық өткізуге уәде беріп отыр.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/819/18/8191897_75:0:4086:3008_1920x0_80_0_0_331602fe11346ea49bba614ab457dce7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, көше, ата-ана, оқушы
астана, көше, ата-ана, оқушы
Астанада BINOM оқушыларының ата-аналары көшені жапты - полиция мен әкімдік түсініктемесі
07:24 20.12.2022 (жаңартылды: 09:58 09.08.2023) Елордада Бином мектебінің жанындағы өткелде жол талғамайтын көлік баланы қағып кетті. Ата-аналар мектеп оқушыларының қауіпсіздігі үшін көшелерді жарықтандыруды талап етіп, жолды жауып тастады
АСТАНА, 20 желтоқсан - Sputnik. Елордада Бұқар жырау көшесінде баланы қағып кетті, деп хабарлайды қалалық полиция. Ата-аналар рұқсат етілмеген митингке шығып, жолды жауып тастады.
"Биыл 19 желтоқсан сағат 17:50 шамасында Бұқар жырау көшесінің бойымен келе жатқан Toyota Highlander көлігінің жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп, кәмелетке толмаған баланы қағып кетті", - деп хабарлады полиция.
Оқиға салдарынан 8 жасар бала қалалық ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер тексергеннен кейін үйіне жіберілді. Бұл факті бойынша тергеу жүріп жатыр, дейді полицейлер.
"Оқиғадан кейін жақын маңдағы үйлердің тұрғындары жол жарықтандырылмағанына наразылық білдіріп, өткелді жауып тастады. Жиналғандармен сөйлестік", - деді ведомствода.
Бұл учаскені жарық өткізу қажеттігі туралы жергілікті атқарушы органға ақпарат берілді, деп атап өтті полицейлер.
Астана қаласының көлік және жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы бұл мәселе бақылауда екенін хабарлады.
"Бұл учаскеде жарық өткізу жұмысы толықтай жүргізілмеген. Сондықтан іркіліс туындады", - деді ведомствода.
Қысқа мерзімде бұл мәселенің шешімін тауып, жарық өткізуге уәде беріп отыр.