Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Әскери журналистерге Хәлед әл-Хатыб атындағы сыйлық табысталды

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуЛоготип телеканала Russia Today, архивное фото
Логотип телеканала Russia Today, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 20 желтоқсан - Sputnik. Қақтығыс аймағында дайындалған үздік жұмысы үшін журналистерге берілетін Хәлед әл-Хатыб – 2022 халықаралық сыйлығының қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады, деп хабарлайды RT телеарнасының баспасөз қызметі.
"Бұл сыйлықпен "Известия" мен "Комсомольская правда" газеттерінің, "ТОК" студиясының және "РИА Новости" ақпарат агенттігінің әскери тілшілері марапатталды. RT телеарнасы 2017 жылы Сирияда қаза тапқан, RT Arabic телеарнасымен бірлесіп жұмыс істеген журналист Хәлед әл-Хатыбты еске алу үшін сыйлық тағайындады. Осы жылы Хәлед әл-Хатыб атындағы халықаралық сыйлық (Khaled Alkhateb International Memorial Awards) Украинадағы арнайы әскери операция туралы жұмыстар ұсынылды", - деп жазылған хабарламада.
Валентин Трушнин ("Известия" газеті / РЕН телеарнасы (Ресей) "Қақтығыс аймағында дайындалған үздік жұмыс (видео)" номинациясында "Монастырьдегі тозақ пен жұмақ" репортажымен жеңіске жетті. Бұл туындыда украин әскерилерінің толассыз атқылауы кезінде Никольсктегі Свято-Успенский Николо-Васильевский монастырінен (ДХР) бейбіт тұрғындарды эвакуациялау қалай жүргізілгені туралы баяндалады. Журналистер артиллериялық соққының салдарын - ғибадатхана аумағындағы қою қара түтін және қирандыларды көрсетті.
Журналист Александр Коц ("Комсомольская правда" газеті (Ресей)) "Қақтығыс аймағында дайындалған үздік жұмыс (мәтін)" номинациясында "Киев түбіндегі шайқастар: Гостомель қаһармандары" еңбегімен жеңімпаз атанды. Әскери тілші арнайы әскери операцияның бірінші күнінде Киев облысы аэродромына қонып, бір ай бойы оқ астында қорғанысты бұзбаған десантшылар позицияларына аттанған.
Регина Орехова ("ТОК" студиясы, "Россия сегодня" медиа тобы(Ресей)) "Үздік жұмыс: гуманитарлық миссия (видео)" номинациясында "Бейбіт тұрғындар" деректі фильмімен жеңіске жетті. Туындыда өлім, аштық пен қиыншылықты бастан өткерген Мариуполь тұрғындары туралы баяндалады. Фильм кейіпкерлерінің бірі – Миша. Ол әскери іс-қимыл басталғаннан кейін байланыс үзілген қалыңдығын іздеу үшін Мариупольге келген. Мария Марикян ("РИА Новости" (Ресей)) "Үздік жұмыс: гуманитарлық миссия (мәтін)" номинациясында "Олар қайтып оралуы мүмкін" атты жұмысымен жеңімпаз атанды. Туындыда Украина әскерилері шегіну кезінде оқ жаудырған Луганск Халық Республикасындағы Попасная қаласы туралы баяндалған. Мұндағы үйлердің көбісі қираған. Бірақ Попаснаяда туған қаласын тастап кетпей, шаһарда тұрып жатқан бірнеше ондаған адам бар. Олар қиын жағдайда қалай күнелтіп жатқаны туралы тұрғындардың өздері айтып береді.
2022 жылғы сыйлықтың қазылар алқасының құрамына Бүкілресейлік мемлекеттік телевизия және рабиохабар тарату компаниясының әскери тілшілері Евгений Поддубный, Антон Степаненко және Александр Лукьянов, "Россия сегодня" ХАА атқарушы директоры және Ресей Федерациясы президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі кеңестің мүшесі Кирилл Вышинский кірді. Жұмыстарды сондай-ақ RT әскери тілшілері Валентин Горшенин, Мурад Газдиев, Саргон Хадайя, Семен Сендеров, RT Arabic журналисі Салям Мусафир және RT Balkan бас редакторы Елена Милинчич те бағалады.
Бірінші жылы марапаттар Ирак, Ирландия және Сингапурдан қатысқан жәрналистерге берілді. 2019 жылы Ресей, АҚШ, Италия және Үндістанның өкілдері лауреат атанды. 2020 жылы сыйлықты Ресей, Сирия және Үндістанның әскери тілшілері алды. 2021 жылы Ресей, АҚШ және Йемендегі әскери тілшілер сыйлық иегерлері атанды.
RT телеарнасы RT Arabic телеарнасымен бірлесіп жұмыс істеген 25 жастағы журналист Хәлед әл-Хатыбты еске алу үшін Khaled Alkhateb International Memorial Awards сыйлығын тағайындады. Ол 2017 жылы Сирияның Хомс провинциясында содырлардың зымыран шабуылынан қаза тапқан. Хәлед өз репортаждарында Сирия үкіметі күштері мен лаңкестер арасындағы шайқастар туралы баяндады. 2018 жылы Ресей президенті Владимир Путин Хәлед әл-Хатыбты "Ерлігі үшін" медалімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл медаль алғашқы марапаттау рәсімінде оның отбасына табыс етілді
Жаңалықтар
0