ҰҚШҰ Бас хатшысы: келесі жыл оңай болмайды

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өту Станислав Зась
 Станислав Зась - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась жаңа Бас хатшы – 2023 жылдың 1 қаңтарында қызметіне кірісетін Қазақстан өкілі Иманғали Тасмағамбетовке сәттілік тіледі.
Зась ұйым үшін келесі жыл қазіргі 2022 жыл сияқты қиын болады деп есептейді.
"Қазір біз өтіп жатқан жылды бағалауға тырысып жатырмыз. Бұл өте қиын жыл болды, бірақ келесі жыл да оңай болмайды. Сондықтан уақыт тығыз. Тасмағамбетовтың сенім артатын адамдары бар. Біздің жұмыс органдарында білікті сарапшылар, мамандар бар", - деді ҰҚШҰ Бас хатшысы Мәскеудегі Sputnik баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында.
Оның ойынша, Иманғали Тасмағамбетов – үлкен өмірлік, басқарушылық тәжірибесі бар тұлға.
Тасмағамбетов ҰҚШҰ Бас хатшысы болып үш жылға сайланды. Ол бұл қызметтегі Қазақстанның бірінші өкілі болмақ.
2023 жылы ҰҚШҰ-ға Беларусь төрағалық етеді.
Жаңалықтар
0