https://sputnik.kz/20221219/qazaqstan-narygyna-didi-taksi-qayta-kelui-mumkin-30445876.html
Қазақстан нарығына DiDi такси қайта келуі мүмкін
Қазақстан нарығына DiDi такси қайта келуі мүмкін
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қытайлық DiDi компаниясымен нарыққа қайта келу туралы келіссөз... 19.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-19T17:49+0500
2022-12-19T17:49+0500
2022-12-19T17:49+0500
такси
https://sputnik.kz/img/07e5/06/1c/17465948_0:0:3269:1839_1920x0_80_0_0_8556e446d077b823f25cab1b3c7347ac.jpg
АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қытайлық DiDi компаниясымен нарыққа қайта келу туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы ведомство басшысы Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Мәжілісте өткен үкімет сағатында депутаттар Қазақстан нарығында "Яндекс.такси" агрегаторының бәсекелесі пайда бола ма деп сұрады. Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин қытайлық DiDi таксиін нарыққа қайтару үшін агрегатормен келіссөз жүргізіліп жатқанын айтты. Министрдің айтуынша, такси қызметін ұсынатын қазақстандық қосымша жасауға бірнеше адам талпынған. Бірақ, өкінішке қарай, қолдарынан келмеді. "Ол нарықтық орта, бизнес. 100 млн доллармен шектеліп қалмаған бизнес. Оны жасау үшін тек қана қаражат емес, жақсы толыққанды команда керек. Бірақ осыған бет бұрған компаниялар бар. Бірақ оларды қазір атай алмаймын", - деді Мусин.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/1c/17465948_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_c923cc8ca9ae44ca5f3498452cc1b79b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
такси
Қазақстан нарығына DiDi такси қайта келуі мүмкін
АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қытайлық DiDi компаниясымен нарыққа қайта келу туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы ведомство басшысы Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжілісте өткен үкімет сағатында депутаттар Қазақстан нарығында "Яндекс.такси" агрегаторының бәсекелесі пайда бола ма деп сұрады.
Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин қытайлық DiDi таксиін нарыққа қайтару үшін агрегатормен келіссөз жүргізіліп жатқанын айтты.
"Бізге DiDi деген қытайлық оператор келді ғой, сосын ол кетіп қалды. Яндекс жалғыз қалды. DiDi келсе, екеуі қатар жұмыс істесе, бәсекелестік орта болса, мұндай бағалар болмас еді деп ойлаймын. Сондықтан осы тұрғыда тергеу жүргізіліп жатырмыз. Ал біз DiDi-мен біздің нарыққа келуі бойынша қайта келіссөз жүргізіп жатырмыз", - деді Мусин отырыс барысында.
Министрдің айтуынша, такси қызметін ұсынатын қазақстандық қосымша жасауға бірнеше адам талпынған. Бірақ, өкінішке қарай, қолдарынан келмеді.
"Ол нарықтық орта, бизнес. 100 млн доллармен шектеліп қалмаған бизнес. Оны жасау үшін тек қана қаражат емес, жақсы толыққанды команда керек. Бірақ осыған бет бұрған компаниялар бар. Бірақ оларды қазір атай алмаймын", - деді Мусин.