Спорт

Франция президенті әлем чемпионаты финалындағы жеңілістен кейін Мбаппемен сөйлесті

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуФутбол. ЧМ-2022. Финальный матч
Футбол. ЧМ-2022. Финальный матч - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.12.2022
Жазылу
Аргентина құрамасы үшінші рет әлем чемпионатының жеңімпазы атанды
АЛМАТЫ, 19 желтоқсан – Sputnik. Франция президенті Эммануэль Макрон Аргентинамен финалдағы жеңілістен кейін ұлттық команданың шабуылшысы Килиан Мбаппеге қолдау көрсетті.
Оның айтуынша, француздар бірінші таймда сәтсіз өнер көрсетті, бірақ Килиан ойынды өзгерте алды.
"Мбаппе - керемет ойыншы, бірақ ол жас, мен оған небәрі 24 жаста екенін айттым. Ол осы әлем чемпионатының үздік шабуылшысы атанды. Қазірдің өзінде чемпион болды, финалға жетті. Мен оның уайымын түсінемін. Бұл - спорт", - дейді Макрон.
Аргентина құрамасы үшінші рет әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Бұған дейін аргентиналықтар турнирді 1978 және 1986 жылдары жеңіп алған.
Олардың финалдағы қарсыластары - француздар - 1998 және 2018 жылдары әлем чемпионы атанды.
Бұған дейін Хорватия мен Марокко чемпионаттың қола медалін таразы басына салған болатын.
Жаңалықтар
0