Өңірлер

Шығыс Қазақстанда үш балықшы боранда адасып кетті

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 18 желтоқсан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында боранда көлігіне жете алмай адасып қалған үш балықшы құтқарылды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Ұлан ауданының "Сібе" көлінен "112" қызметіне шақырту түскен. 3 балықшы қолайсыз ауа райына байланысты көліктеріне өз бетінше жете алмаған.
Құтқарушылар оқиға орнына жаяу жетіп, үш адамды көл жағасындағы көлігіне жеткізді.
ТЖ қызметкерлері балықшыларды көлігімен жақын маңдағы Бозанбай ауылына дейін жеткізіп тастады.
Жаңалықтар
0