Әлем

Сарапшылар мұнай бағасына қатысты болжамын бөлісті

© Sputnik / Виталий Карпов / Медиабанкке өтуМұнай
Мұнай - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2022
Жазылу
Шекті баға енгізілгеннен кейін Еуропа мен АҚШ-та мұнай бағасының төмендеуі болжанып отыр. Дегенмен, сарапшылар тапшылық болады деп болжайды. Нарық қазірдің өзінде теңгерімсіздікті сезініп отыр: ұсыныс қысқарып, сұраныс, ең алдымен Қытай тарапынан сұраныс өсіп жатыр. Ірі инвестициялық банктер сарапшыларының пікірінше, шикізат бағасы арзандамай, барреліне 110 доллар деңгейіне жақындайды, деп жазды РИА Новости.
Ресей мұнайын теңіз арқылы тасымалдауға салынған тыйым 5 желтоқсанда күшіне енді. Сонымен қатар, ЕО, "Үлкен жетілік" және Австралия барреліне 60 доллар деңгейінде шекті баға туралы келісті. Мәскеу Үндістан, Қытай және Түркияға қайта бейімделе бастады.
Іс жүзінде Ресейдің энергетикалық ресурстарын Батысқа жеткізуді толық тоқтатудың кері санағы басталды. ОПЕК+ нарықтық механизмдерге тікелей саяси араласуға қатты алаңдаулы. Оның үстіне сарапшылар Мәскеудің ұстанымы жеңіс әкелетінін айтады.
Атап айтқанда, Ресей Еуроодақ үшін шикізат, оның ішінде басқа елдерден транзит үшін қосымша сыйақы талап етуі мүмкін.
Еуропалықтар тапшылықты АҚШ, Солтүстік Африка және Таяу Шығыстан келетін импортпен толтыруға тырысып жатыр. Бірақ, ешбір жеткізуші ЕО нарығы үшін өндірісті күрт арттыра алмайды.
Шекті баға туралы бастамашылардың өздері бұдан түк шықпайтынын түсінетін сияқты. Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің стратегиялық коммуникациялар жөніндегі үйлестірушісі Джон Кирби бұл "биржадағы бағаға әсер етпейтінін" мойындады.
"Үлкен жетіліктің мұндай әрекеттері ресейлік кірісті өтее аз кемітеді, ал әлемдік энергетикалық нарыққа кері әсері үлкен болады", - деп жазды The National Interest.
Батыс үшін бұл ауқымды проблемалар тудырып, мұнай бағасын қымбаттатады.
Goldman Sachs бағалауы бойынша, бірінші тоқсанда бір баррель мұнай 90 доллар, ал екінші тоқсанда 95 доллар тұрады.
Bank of America жылдың екінші жартысында Brent маркалы мұнайы үшін 110 доллар бағаны болжады. Көп жағдай Қытай мен Үндістандағы сұранысқа байланысты болады. Ал қазіргі ахуал сұраныс өсіп жатқанын көрсетеді.
"Ресейге қарсы санкциялар, қорлардың аздығы, Қытай экономикасының ашылуы және сұраныс әлсіреген жағдайда ОПЕК-тің өндірісті қысқартуға дайын болуы энергия ресурстарының бағасы өсуіне себеп болады", - деп жазды банк сарапшылары өз есептерінде.
4 желтоқсанда өткен кездесуде ОПЕК+ елдері өндірісті тәулігіне екі миллион баррельге қысқарту туралы шешімді растады. BofA банкіндегілер 2023 жылы картель өз саясатын күшейтеді деп есептейді.
Бұл АҚШ пен Еуроодақ сынды импорттаушыларға емес, ең алдымен Мәскеудің және басқа да негізгі экспорттаушылардың мүдделеріне толық сәйкес келеді. Трейдерлер Үндістан мен Қытай Ресей көмірсутектерін ең көп тұтынушы ретінде Еуроодақты алмастырады деп күтіп отыр.
Financial Times газетінің хабарлауынша, соңғы аптада Ресейден экспорт артып, танкерлер порттардан күніне 3,5 миллион баррель мұнай шығарды. Азияға 500 мыңға (16 пайызға) артық мұнай жөнелтілген. Жалпы көрсеткіш алты айдағы ең жоғары көрсеткішке жетті. Бірақ, Мемлекеттік Думаның халықаралық істер жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Алексей Чепа атап өткендей, Ресейге "көлеңкелі флот" қажет емес, себебі, сатып алушылар жеткілікті.
"Мұнай өндіруші көп ел ұзақ уақыт бойы санкциялардың шектеуінде болды және әлі де тұр, бүгінде бұл үлкен проблема емес", - деп түсіндірді Чепа.
"Шығынсыз болмайтыны белгілі. Шикізат сатудан түсетін кіріс қараша айында төмендей бастады. Халықаралық энергетика агенттігінің (ХЭА) мәліметі бойынша, ресейлік кәсіпорын қазан айындағыдан 700 миллион долларға аз, яғни, 15,8 миллиард доллар табыс көрді", - деп жазды РИА Новости тілшісі.
РФ қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, қарашада Ресей мұнай мен газдан жоспарланғаннан 90 миллиард рубльге аз табыс тапқан. Дегенмен, ведомство басшысы Антон Силуанов атап өткендей, баға шектеуінің бюджетке әсерін бағалауға әлі ерте. Себебі, Мәскеу бұл шектеуге қатысты жауапты шара қабылдайды.
Жаңалықтар
0