Қоғам

Полиция полковнигі атышулы видеодан кейін қызметінен айырылды

© Sputnik / Ксения ВоронинаАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 18 желтоқсан – Sputnik. Түркістан облысы Қазығұрт аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары атышулы бейнежазбадан кейін қызметінен босатылды, деп хабарлайды vera.kz Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, полиция полковнигі Бауыржан Алдабергенов бейнеге жағымсыз түрде түсірілген. Бейнежазба авторы аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасарын таныған. Видеода ер адам формадағы қызметкерлерге физикалық күш қолданады. Автордың айтуынша, осылайша полковник ақша бопсалаған.
Сонымен қатар қызметкерлердің айтуынша, полковник жұмыста спорт киімімен ғана емес, шорты және майкамен де жүре береді.
Түркістан облысы полиция департаменті тәртіптік комиссиясының отырысында қызметкердің жауапкершілігі қаралды.
"Комиссия қорытындысы бойынша аталған бейнежазбадағы бастықтың орынбасары қызметтен босатылды. Жеке құрам арасында қызметтік тәртіп пен заңдылықты нығайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл бойынша кешенді жұмыс жалғасып жатыр", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 362-бабы "Билік пен лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану" бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Осы бап бойынша жауапты лауазымда және қызметтік жағдайын пайдалана отырып жасалған заңбұзушылықтар үшін бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру, мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру жазасы қарастырылған.
Жаңалықтар
0