Қоғам

Ақмолалық ғалымдар құрғақшылыққа төзімді көпжылдық шөптің жаңа сұрпын шығарды

© Photo : СС0 / PexelsАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. Ақмола облысында ғалымдар құрғақшылыққа төзімді көпжылдық шөптің жаңа сұрпын шығарды. Ол аймақтың климаттық жағдайына толығымен сәйкес келеді, деп хабарлайды "Хабар 24".
Сала мамандарының айтуынша, жаңа сұрыптың артықшылығы мен кемшілігі арнайы алқаптарда сыналады.
"Әр өсімдіктің өзіндік кемшілігі болады. Селекционерлер онымен күресуге тырысады. Ақылдаса отыра жаңа сұрыпқа қажет кейбір заттарды мүлдем қоспауы мүмкін. Кей өсімдіктің уақыт өте келе өнімділігі төмендейді, бұл 4-5 жылда белгілі болады. Міне біз осы олқылықтардың алдын алуға барымызды саламыз. Егер біз қалаған өнімділікке қол жеткізсек, онда жұмысты одан әрі жандандыра түсер едік", - деді Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының бөлім меңгерушісі Надежда Филиппова.
Айталық, көпжылдық шөп жылына әр гектардан 30-дан 250 центнерге дейін өнім береді. Мұның тағы бір тиімді тұсы – өсімдіктің өнімділігіне жаздың аптап ыстығы мен құрғақшылығы аса әсер етпейді.
Агрономдар жаңа сұрыпты әлі де жетілдіре түспек.
Жаңалықтар
0