https://sputnik.kz/20221217/zheltoqsan-qaarmandary-toqaev-30400096.html
Желтоқсан қаһармандарының ерлігі жұртымыздың жадында мәңгі сақталады – Тоқаев
Желтоқсан қаһармандарының ерлігі жұртымыздың жадында мәңгі сақталады – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Бүгін Желтоқсан оқиғасына 36 жыл толып отыр 17.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-17T08:40+0500
2022-12-17T08:40+0500
2022-12-17T08:53+0500
қоғам
желтоқсан көтерілісі
https://sputnik.kz/img/07e6/09/01/27204173_0:0:3123:1756_1920x0_80_0_0_9871ccbdab08d3422e19ca9d4bec6f1c.jpg
АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Желтоқсан оқиғасын еске алды.1986 жылдың 17-18 желтоқсанында Алматыдағы алаңға мыңдаған жас жиналып, "қазақты қазақ басқарсын" деп, Геннадий Колбиннің орнынан кетуін талап еткен болатын. Жаппай наразылықтың соңы көтеріліске ұласып, құқық қорғау органдары жастарды алаңнан күшпен қуды, ұстады, қамауға алды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/01/27204173_186:0:2917:2048_1920x0_80_0_0_142c309f409479cabdb6e37422fa4bc1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
желтоқсан көтерілісі
Желтоқсан қаһармандарының ерлігі жұртымыздың жадында мәңгі сақталады – Тоқаев
08:40 17.12.2022 (жаңартылды: 08:53 17.12.2022) Бүгін Желтоқсан оқиғасына 36 жыл толып отыр
АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Желтоқсан оқиғасын еске алды.
"Төл тарихымызда өшпес із қалдырған Желтоқсан оқиғасына бүгін 36 жыл толды. Сол ызғарлы күндерде халқымыз қайсар рухы мен азаттыққа деген ұмтылысын паш еткен еді. Желтоқсан қаһармандарының ерлігі мен құрбан болған боздақтардың бейнесі жұртымыздың жадында мәңгі сақталады", - деп жазды президент Twitter-де.
1986 жылдың 17-18 желтоқсанында Алматыдағы алаңға мыңдаған жас жиналып, "қазақты қазақ басқарсын" деп, Геннадий Колбиннің орнынан кетуін талап еткен болатын. Жаппай наразылықтың соңы көтеріліске ұласып, құқық қорғау органдары жастарды алаңнан күшпен қуды, ұстады, қамауға алды.