https://sputnik.kz/20221217/qazaqstannyn-tauelsizdik-kuni-turkiyada-toylandy-30408805.html
Қазақстанның Тәуелсіздік күні Түркияда тойланды
Қазақстанның Тәуелсіздік күні Түркияда тойланды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 17 желтоқсан – Sputnik. Түркияда орналасқан Қазақстан мәдениет және сауда орталығы мен Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен... 17.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-17T19:49+0500
2022-12-17T19:49+0500
2022-12-17T19:49+0500
тәуелсіздік күні
https://sputnik.kz/img/1167/93/11679303_0:52:1241:750_1920x0_80_0_0_b77918b0ef1332e3b239abacfb3e2987.jpg
АЛМАТЫ, 17 желтоқсан – Sputnik. Түркияда орналасқан Қазақстан мәдениет және сауда орталығы мен Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне орай азаттық жолында күрескен қайраткерлерді еске алу шарасы өтті, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігі.Қазақ диаспорасының жетекшілері мен белсенді қазақстандықтардың басы қосылған шарада профессор Әбдіуақап Қараның "Түркістан тәуелсіздігінің жетекшісі Мұстафа Шоқай" атты кітабының түрікше нұсқасының тұсаукесері өтті. Кітап Түркияның Мәдениет министрлігі Түркия Республикасының 100 жылдығына орай әзірлеген биографиялар сериясы аясында шыққан. Сондай-ақ шара шеңберінде Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған фотокөрме ұйымдастырылды.Сонымен қатар Алматы қаласы әкімдігі, Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығы және Ыстанбұл Бақыркөй ауданы муниципалитетінің қолдауымен "Дала дауысы" атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеде өнерсүйер қауымның назарына Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің жәдігерлері ұсынылды.Көрмеде Құрманғазы, Абай, Жамбыл, Ақан сері домбыраларының, Ықылас Дүкенұлының қобызының көшірмелері де орын алған. Көрмеге келушілер қазақ домбырасының қоңыр үнін тыңдап, ұлттық тағамдардан дәм татты.Сондай-ақ Тәуелсіздік күні қарсаңында Сакарья университетінде көрнекті жазушы Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына арналған конференция ұйымдастырылды. Конференция аясында З.Қабдоловтың түрік тіліне аударылған "Менің Әуезовым" кітабының тұсаукесері өтті. Шара концертпен аяқталды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1167/93/11679303_86:0:1153:800_1920x0_80_0_0_c18d9521614fc0b9b2aa7d03ee0dbd0d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тәуелсіздік күні
АЛМАТЫ, 17 желтоқсан – Sputnik. Түркияда орналасқан Қазақстан мәдениет және сауда орталығы мен Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне орай азаттық жолында күрескен қайраткерлерді еске алу шарасы өтті, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігі.
Қазақ диаспорасының жетекшілері мен белсенді қазақстандықтардың басы қосылған шарада профессор Әбдіуақап Қараның "Түркістан тәуелсіздігінің жетекшісі Мұстафа Шоқай" атты кітабының түрікше нұсқасының тұсаукесері өтті. Кітап Түркияның Мәдениет министрлігі Түркия Республикасының 100 жылдығына орай әзірлеген биографиялар сериясы аясында шыққан. Сондай-ақ шара шеңберінде Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған фотокөрме ұйымдастырылды.
Сонымен қатар Алматы қаласы әкімдігі, Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығы және Ыстанбұл Бақыркөй ауданы муниципалитетінің қолдауымен "Дала дауысы" атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеде өнерсүйер қауымның назарына Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің жәдігерлері ұсынылды.
Көрмеде Құрманғазы, Абай, Жамбыл, Ақан сері домбыраларының, Ықылас Дүкенұлының қобызының көшірмелері де орын алған. Көрмеге келушілер қазақ домбырасының қоңыр үнін тыңдап, ұлттық тағамдардан дәм татты.
Сондай-ақ Тәуелсіздік күні қарсаңында Сакарья университетінде көрнекті жазушы Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына арналған конференция ұйымдастырылды. Конференция аясында З.Қабдоловтың түрік тіліне аударылған "Менің Әуезовым" кітабының тұсаукесері өтті. Шара концертпен аяқталды.