https://sputnik.kz/20221217/qazaqstan-elshisi-chernogoriya-prezidentine-senim-gramotalaryn-tapsyrdy-30407766.html
Алтай Әбибуллаев Черногория президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Алтай Әбибуллаев Черногория президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 17 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның Черногориядағы елшісі ретінде Алтай Әбибуллаев Черногория президенті Мило Джукановичке сенім грамоталарын табыс... 17.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-17T14:39+0500
2022-12-17T14:39+0500
2022-12-17T15:01+0500
қазақстан елшісі
https://sputnik.kz/img/238/47/2384710_0:130:2498:1535_1920x0_80_0_0_cc5d1eb42f69511d20b68957116d3541.jpg
АЛМАТЫ, 17 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның Черногориядағы елшісі ретінде Алтай Әбибуллаев Черногория президенті Мило Джукановичке сенім грамоталарын табыс етті, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.Президент сарайында өткен салтанатты шарада Қазақстан-Черногория қарым-қатынасының казіргі ахуалы мен болашағы, сондай-ақ өзара ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге көтерудің нақты көздері егжей-тегжей талқыланды."Ұлттық төл мерекемізбен сай келген дипломатиялық рәсім барысында М. Джуканович барша Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен шынайы құттықтап, елімізге бейбітшілік, одан әрі гүлдену мен өркендеу тіледі. Черногория басшысы президент Қасым-Жомарт Тоқаевты қайта сайлануымен тағы да құттықтап, Қазақстанға жаңа белестер мен табыстар тіледі", - делінген хабарламада.Сонымен қатар, ол Қазақстан президенті бастамасымен жүзеге асып жатқан саяси және кешенді әлеуметтік-экономикалық реформаларға жоғары баға беріп, Қазақстан Черногорияның Eуразиялық кеңістігіндегі басты саяси және сауда-экономикалық әріптесі екенін басып айтты.Президенттің пайымдауынша, Черногориядағы жыл сайын Қазақстан азаматтарының демалысы, жерлестерімізге қолайлы жағдай туғызып, қауіпсіздіктерін одан әрі қамтамасыз ету қағидатты басымдық болып қала бермек.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/238/47/2384710_139:0:2359:1665_1920x0_80_0_0_6228c8f1153c1a582c895c7e402f8c9d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан елшісі
АЛМАТЫ, 17 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның Черногориядағы елшісі ретінде Алтай Әбибуллаев Черногория президенті Мило Джукановичке сенім грамоталарын табыс етті, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.
Президент сарайында өткен салтанатты шарада Қазақстан-Черногория қарым-қатынасының казіргі ахуалы мен болашағы, сондай-ақ өзара ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге көтерудің нақты көздері егжей-тегжей талқыланды.
"Ұлттық төл мерекемізбен сай келген дипломатиялық рәсім барысында М. Джуканович барша Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен шынайы құттықтап, елімізге бейбітшілік, одан әрі гүлдену мен өркендеу тіледі. Черногория басшысы президент Қасым-Жомарт Тоқаевты қайта сайлануымен тағы да құттықтап, Қазақстанға жаңа белестер мен табыстар тіледі", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, ол Қазақстан президенті бастамасымен жүзеге асып жатқан саяси және кешенді әлеуметтік-экономикалық реформаларға жоғары баға беріп, Қазақстан Черногорияның Eуразиялық кеңістігіндегі басты саяси және сауда-экономикалық әріптесі екенін басып айтты.
Президенттің пайымдауынша, Черногориядағы жыл сайын Қазақстан азаматтарының демалысы, жерлестерімізге қолайлы жағдай туғызып, қауіпсіздіктерін одан әрі қамтамасыз ету қағидатты басымдық болып қала бермек.