https://sputnik.kz/20221217/prezident-aqorda-smayylov-ukimetke-tapsyrma-30404395.html
Президент Ақордада Смайыловты қабылдап, үкіметке бірнеше тапсырма берді
Президент Ақордада Смайыловты қабылдап, үкіметке бірнеше тапсырма берді
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 17 желтоқсан - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Әлихан Смайыловты қабылдады. Ол президентке Үкіметтің 2023 жылы атқаратын... 17.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-17T12:29+0500
2022-12-17T12:29+0500
2022-12-17T12:29+0500
экономика
қасым-жомарт тоқаев
әлихан смайылов
үкімет
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/11/30404168_61:0:689:353_1920x0_80_0_0_8973a80693ac0f152b0c3b9665ceb413.jpg
АЛМАТЫ, 17 желтоқсан - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Әлихан Смайыловты қабылдады. Ол президентке Үкіметтің 2023 жылы атқаратын жұмыстарының негізгі бағыттары туралы баяндады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.Тоқаевқа оның сайлауалды бағдарламасын іске асыру үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар мен жоспарлар, үкіметтің экономикалық саясаты, сондай-ақ инфляцияны төмендету, мұнай-газ және энергетика салаларын, өңдеу өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын, кәсіпкерлікті және экономиканың басқа да секторларын дамыту шаралары жөнінде егжей-тегжейлі ақпарат берілді.Смайылов 44 реттеу саласында бизнеске кедергі келтіретін 10 мыңға жуық талапты жою және қайта қарау, шағын және орта бизнестегі жұмыспен қамтылғандар санын 3,8 миллион адамға дейін арттыру, 38 мың жұмыс орнын аша отырып, құны 4,2 триллион теңге болатын 289 жаңа инвестициялық жобаны іске асыру, бірқатар ірі инфрақұрылым нысанын салу және басқа да жұмыстарды атқару көзделіп отырғанын жеткізді.Сонымен қатар президент үкіметтің ішкі нарықты отандық өндіріс тауарларымен қамтамасыз ету, азық-түлік тауарлары тұрақтандыру қорларының қызметін қайта жасақтау, жаңа форматтағы мектептер салу, ауылдық денсаулық сақтау нысандарын жаңғырту, азаматтарды жұмыспен қамту және басқа да жоспарларымен танысты.Бұдан бөлек, премьер-министр экспортты, нақты жалақыны және жалпы экономиканың өсімін арттыруды, сондай-ақ инфляцияны төмендетуді қамтитын республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты алдағы жылға арналған болжамын жеткізді.Тоқаев Смайыловпен кездесу барысында үкіметке мынадай тапсырмалар берді:Сондай-ақ мемлекет басшысы үкіметке сайлауалды бағдарламаны орындау жөнінде кешенді шаралар қабылдауды, сондай-ақ мемлекеттің макроэкономикалық жоспарлары мен әлеуметтік міндеттемелерін іске асыруды тапсырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/11/30404168_139:0:610:353_1920x0_80_0_0_427b7dbbb5ff310787c6c0acd742da24.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, әлихан смайылов, үкімет
қасым-жомарт тоқаев, әлихан смайылов, үкімет
АЛМАТЫ, 17 желтоқсан - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Әлихан Смайыловты қабылдады. Ол президентке Үкіметтің 2023 жылы атқаратын жұмыстарының негізгі бағыттары туралы баяндады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Тоқаевқа оның сайлауалды бағдарламасын іске асыру үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар мен жоспарлар, үкіметтің экономикалық саясаты, сондай-ақ инфляцияны төмендету, мұнай-газ және энергетика салаларын, өңдеу өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын, кәсіпкерлікті және экономиканың басқа да секторларын дамыту шаралары жөнінде егжей-тегжейлі ақпарат берілді.
Смайылов 44 реттеу саласында бизнеске кедергі келтіретін 10 мыңға жуық талапты жою және қайта қарау, шағын және орта бизнестегі жұмыспен қамтылғандар санын 3,8 миллион адамға дейін арттыру, 38 мың жұмыс орнын аша отырып, құны 4,2 триллион теңге болатын 289 жаңа инвестициялық жобаны іске асыру, бірқатар ірі инфрақұрылым нысанын салу және басқа да жұмыстарды атқару көзделіп отырғанын жеткізді.
Сонымен қатар президент үкіметтің ішкі нарықты отандық өндіріс тауарларымен қамтамасыз ету, азық-түлік тауарлары тұрақтандыру қорларының қызметін қайта жасақтау, жаңа форматтағы мектептер салу, ауылдық денсаулық сақтау нысандарын жаңғырту, азаматтарды жұмыспен қамту және басқа да жоспарларымен танысты.
Бұдан бөлек, премьер-министр экспортты, нақты жалақыны және жалпы экономиканың өсімін арттыруды, сондай-ақ инфляцияны төмендетуді қамтитын республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты алдағы жылға арналған болжамын жеткізді.
Тоқаев Смайыловпен кездесу барысында үкіметке мынадай тапсырмалар берді:
елімізде қолайлы инвестициялық және бизнес-ахуалды қамтамасыз ету;
инфляция деңгейін төмендету;
денсаулық сақтау саласындағы жағдайды жақсарту;
жылыту маусымының барысын ерекше бақылауда ұстау.
Сондай-ақ мемлекет басшысы үкіметке сайлауалды бағдарламаны орындау жөнінде кешенді шаралар қабылдауды, сондай-ақ мемлекеттің макроэкономикалық жоспарлары мен әлеуметтік міндеттемелерін іске асыруды тапсырды.