Астанада 300-ден астам үлескер баспаналы болды

© Sputnik / Владислав ВодневАстана, қала келбеті
Астана, қала келбеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек "Royal Expo" тұрғын үй кешенінің үлескерлері баспаналы болғанын мәлім етті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Алдымызда қаладағы құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау міндеті тұр. Осыған дейін әкімдік 150 көпқабатты тұрғын үй кешенінің 120-сының құрылысын аяқтаған болатын. Осылайша мыңдаған отбасы көптен күткен пәтеріне қоныстанды", — деп жазды Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желіде.
Тәуелсіздік күні 300-ден астам үлескер отбасы пәтерінің кілтін алды. "Royal Expo" тұрғын үй кешенінің тұрғындары бірнеше жыл бұрын қоныстануы керек еді.
Әкім қалған 15 нысан бойынша (30-дан астам тұрғын үй кешені) сапаға ерекше назар аударуды әрі құрылыс қарқынын жеделдетуді тапсырды.
Жаңалықтар
0